Басты бет » Жаңалықтар » Батыс-2 шағын ауданындағы құрылыс қарқыны

Батыс-2 шағын ауданындағы құрылыс қарқыны

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев облыстық тарихи-өлкетану мұражайының құрылысымен танысты.

Батыс-2 шағын ауданындағы мәдени нысанның құрылысы 2016 жылы тамызда басталып, оны іске қосу биылғы жылға белгіленген.  Мұражайда тоғыз көрме залы болады, ол заманауи жабдықтармен және технологиялармен жабдықталады. Мұражай қорында шамамен 110 мың экспонат бар. Мұнда минералогия, палеонтология, ботаника, археология, қолөнер, сирек кездесетін кітаптар, мұрағаттық құжаттар мен фотосуреттер бойынша құнды жәдігерлер сақталған.

Сондай-ақ, облыс әкімі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктері бойынша жүріп жатқан мұз айдыны сарайының құрылысы барысын тексерді. Мұз айдыны 2500 орынға есептелген. Жобаның құны 3,8 миллиард теңгені құрайды, оның 70%-ын «Н+Н Technica» словак компаниясы қаржыландырады. Бұл нысанның іске қосылуы биылғы жылға жоспарланған. Жаңа нысан қысқы спорт түрлерін одан әрі дамытып, насихаттауға қызмет етеді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*