Басты бет » Жаңалықтар » Ақпараттық топ Шалқарға барды

Ақпараттық топ Шалқарға барды

Облыс əкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында Шалқар ауданында 16-18 сәуір аралығында бірқатар кездесу өткізілді. Жобаның екінші бағыты бойынша ақпараттық-насихаттық топ Шалқар ауданында теракт қаупіне дайындық жұмыстарын жүргізу аясында 3593 адамның қатысуымен 40 іс-шара өткізді.
Ақпараттық топ мүшелері аудан активімен, селолық округтер әкімдерімен, мектеп басшыларымен, Аққайтым, Байқадам, Бозой, Бегімбет ауылдарының тұрғындарымен кездесулер өткізді, Бозой ауылындағы «ТетисАралГаз» ЖШС, «Итергаз Орталық Азия» АЛПУ АҚ ұжымына барды. Құқық қорғаушылар шалқарлықтарға терроризм қаупі төнгенде қандай іс-әрекеттерге дайын болу керектігі жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бұл кездесуге 1509 адам қатысты. Сондай-ақ, терроризм қаупі төнген кездегі тәжірибелік әрекеттерді дағдыландыруға қатысты 1543 адамның қатысуымен 13 практикалық сабақ жүргізілді.
Шалқар ауданындағы террористік тұрғыдан осал саналатын 11 нысан тексеріліп, нысан басшыларына анықталған кемшіліктерді жоюға қатысты тапсырма берілді.
Сондай-ақ, ауданға сапар барысында насихаттық топ мүшелері аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлерімен бірге «Мигрант», «Қару», «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шараларын өткізді. «Мигрант» шарасы аясында ауданда 45 шетел азаматы тіркелген, олардың барлығы тексеріліп, ҚР халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін Өзбекстан Республикасының тоғыз азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. «Қару» шарасы бойынша 314 адамның қолында 413 қару бар екені анықталды, 129 тексеру жүргізілді. «Жасөспірім» іс-шарасы кезінде профилактикалық есепке тіркелген 15 баланың екеуі кәмелетке толмаған балалар екені анықталды.
Жұмыс тобы мүшелеріпрофилактикалық жұмыстар жүргізу кезінде тұрғындарға 3344 инфографика таратты.

М.ТАБЫН.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*