Басты бет » Әлеумет » Ғимараттар тексеріліп, сабақтар жүргізілді

Ғимараттар тексеріліп, сабақтар жүргізілді

«Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасын іске асыру аясында құқық қорғау органдары қызметкерлері өткен аптада Мұғалжар ауданына барды.

Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай,аталған бағдарламаның екінші бағыты бойынша ақпараттық-насихаттық жұмыс тобы Мұғалжар ауданында 84 іс-шара өткізген, оған 6311 адам қатысқан.

Аудан активімен, тұрғындармен кездесу барысында терроризм қаупі төнген жағдайда қалай әрекет ету қажеттігі түсіндірілді. Барлығы осы тақырыпта алты кездесу өткізілді, оған мыңнан астам адам қатысты. 3684 адамның қатысуымен терроризм кезіндегі іс-шаралар туралы 29 практикалық сабақ жүргізілді.

— Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуына 31 комиссиялық тексеру жүргізілді. Барлығы 894 адам қамтылды. Мұндай ғимараттардың басшыларына комиссиялық тексеру нәтижесі бойынша кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар берілді, —деп хабарлады Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Жұмыс тобы мүшелері профилактикалық алдын алу шараларын  жүргізу кезінде 5713 парақша таратты.«Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасын іске асыру аясында жұмыс тобы мүшелері аудандық ІІБ қызметкерлерімен бірлесіп «Мигрант», «Қару», «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шараларын өткізді.

 

М.ТАБЫН.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*