Басты бет » Жаңалықтар » Жаман айтпай, жақсы жоқ

Жаман айтпай, жақсы жоқ

Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Құқық қорғаушылар тұрғындарға қауіп төнгенде не істеу қажеттігін түсіндірді

«Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасының екінші «Террористік актілер қауіптілігіне дайындық» бағыты бойынша аудандарға шыққан ақпараттық-насихаттық топ 9-13 сәуір күндері Мұғалжар ауылына барды.

Үш топқа бөлінген ішкі істер, мемлекеттік кірістер және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменттерінің қызметкерлері аудан орталығындағы, ауылдардағы тұрғындармен кездесті, мекемелерге барды.

Қандыағаш қаласында өткен кездесулер барысында құқық қорғаушылар террористік қауіп төнген жағдайда қалай әрекет ету қажеттігі жөнінде, бейбіт тұрғындарды қалай оқшаулауға қатысты практикалық жаттығулар өткізді. Аудан орталығындағы мектептерде мұғалімдер мен оқушылардың қатысуымен «Жасөспірімдер арасында қылмыс жағдайларын болдырмау, алдын алу» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, нұсқаулықтар мен жадынамалар таратылды. Сондай-ақ, құқық қорғау және күштік құрылымдар қызметкерлерінде қатер, терроризм қаупі төнген жағдайда қалай әрекет етуге қатысты нұсқаулықтардың бар-жоғына қатысты тексерулер жүргізілді. Жеке кәсіпкер ретінде тіркелген деструктивті діни ағымдар бағытын ұстанушыларды анықтауға қатысты да жұмыстар жүргізілді.

Жаңажол вахталық ауылында да оқу-практикалық жаттығулар жүргізілді.Қоғамдық тамақтандыру орындары тексерілді.

Ақпараттық-насихаттық топ мүшелері Алтынды, Қайыңды ауылдарында, Жем қаласында да түрлі шаралар өткізді. Антитеррорлық жаттығулар жүргізілді. Терроризммен күрес жөніндегі жедел топтың басшылары, орынбасарлары мен жеке құрамы арасында терроризммен, экстремизммен күрес туралы заңнамаларды білу деңгейін анықтау үшін тестілеу ұйымдастырылды. Такси, риэлторлық қызметтер көрсететін жеке кәсіпкерлердің де жұмыстары тексерілді.

Екінші бағыт бойынша Мұғалжар ауданына жұмыс тобын бастап барған облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Абзал Шотановтың айтуынша,

қылмыстың алдын алу мақсатында «Қару», «Мигрант», «Жасөспірім» профилактикалық шаралары да өткізілді. «Қару» шарасы барысында заңсыз қару сақтап келген азаматтарға өз еріктерімен тапсырғаны үшін сыйақылар берілді.

Еліміздің көші-қон заңнамасын бұзған азаматтарды анықтау мақсатында өткізілген «Мигрант» шарасы кезінде шетелдік 81 азаматқа қатысты тексеру жүргізіліп, 4 адамның құқық бұзғандығы анықталды. «Жасөспірім» профилактикалық алдын алу шарасы аясында полиция қызметкерлері тарапына әкімшіліктік құқық бұзуға қатысты 7 дерек анықталып, 5 жасөспірім есепке алынды.

Қорыта айтсақ, кездесулер барысында ақпараттық топ мүшелері ауыл-аймақтағы тұрғындардың тыныс-тіршілігімен танысып, маңызды әлеуметтік мәселелердің шешімін іздеуге бағытталған іс-шаралар өткізді. Аудандағы террористік тұрғыдан қауіпті ғимараттар тексеріліп, оқу-практикалық жұмыстар, әсіресе, адамдар көп шоғырланатын орындарда қауіпті жағдай туған кезде не істеу қажеттігі туралы жаттығулар өткізіліп, ішкі істер бөлімінің дайындықтары пысықталады.

Тұрғындарға Елбасы Жолдауын, Бес әлеуметтік бастама мен Ұлт жоспарындағы, басқа да мемлекеттік бағдарламалардағы негізгі міндеттер түсіндірілді.

М.ТАБЫН.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*