Басты бет » Жаңалықтар » Форум ауқымды мәселелерді қамтыды

Форум ауқымды мәселелерді қамтыды

Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Сәрсенбі күні Шұбарқұдық кентінде  «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы, Елбасы Н. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында

«Дәстүр. Дін. Руханият» тақырыбында облыстық форум өтті.

Форум бағдарламасының алғашқы бөлімі бойынша облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп, оған 120-дан аса адам қатысты.

Конференцияға қатысқандардың арасында Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының өкілдері, республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері Сансызбай Шоқанов, Сейдман Оралхан, сонымен қатар облыстық дін істері басқармасының басшысы  Жолдас Қалмағанбетов, облыс әкімі аппаратының облыстық терроризмге қарсы комиссиясы жұмысын үйлестіру бөлімінің басшысы Әлімбек Тұралиев, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің бас имамы Төлеби Оспан, Қазақстан Республикасы Бейбітшілік және келісім кеңесінің облыстық филиалының төрағасы Келдібай Еспағамбетов және облысымыздың 12 ауданының бас имамдары, Алға, Мұғалжар, Байғанин, Шалқар және Хромтау аудандарының ішкі саясат бөлімдері, дін орталықтары мен жастар ресурстық орталықтарының арнайы өкілдері болды. Конференцияда дәстүр мен діннің сабақтастығы төңірегінде пікірлер мен тұшымды ойлар айтылып, басқарма басшылары мен дін саласы мамандарының баяндамалары тыңдалды.

Конференциядан кейін форумға келген делегаттар аудандық «Досжан ишан» мешітінің жұмысымен танысып, жергілікті мешіт жамағатына арналған оқыту-семинарына қатысты. Сонымен қатар жергілікті мешіт жамағаты арасында өткен спорттық шараларды тамашалады.

Форум бағдарламасының екінші бөлімінде «Нұр Ғасыр» мешітінің бас имамы Төлеби Оспанның жүргізуімен облыс аудандарының имамдарына арналған көшпелі семинар және тәжірибе алмасу мақсатында облыс аудандарының ішкі саясат бөлімдері, дін орталықтары мен жастар ресурстық орталықтарының арнайы өкілдерінің қатысумен кездесу өтті.

Форум соңында Н.Байғанин атындағы аудандық Мәдениет үйінде «Ойраны шыққан отбасы» сахналық қойылымы көрсетілді. Сахналық қойылымнан соң ауданда өткен «Дәстүр. Дін. Руханият» тақырыбындағы облыстық форум қорытындыланды.

 А.ШҰҒАЕВ,

Темір ауданы.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*