Басты бет » Жаңалықтар » 5 қайырымдылық акциясы өткізіліп, 48 еңбек шарты жасалды

5 қайырымдылық акциясы өткізіліп, 48 еңбек шарты жасалды

«Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету»

«Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасының «Кең көлемдегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстары және өзекті мәселелерді шешу» бағыты бойынша 4 ақпараттық топ Мұғалжар, Темір аудандарында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ТҮСІНДІРДІ, ЖАМАҒАТПЕН КЕЗДЕСТІ

Облыстық ішкі саясат басқармасының мәліметінше, 1-топ өкілдері Мұғалжар ауданында 102 шара ұйымдастырып, экстремистік идеологияның зияны мен ханафи мазхабының рөлі туралы 6364 азаматқа түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ дін саласы бойынша топ мүшелері мен теологтар 133 деструктивті діни ағым мүшелерімен және 53 әйел жамағатымен кездесіп, нәтижесінде 21 адам бейімдеуге келеді деген қорытынды жасалды.

Сонымен қатар 1-топқа кіретін мәдениет саласы қызметкерлері ауданда 3155 тұрғынды қамтитын 11 мәдени-көпшілік шара өткізіп, «Қара жол» фильмі көрсетіліп, «Үлкен сұрақ» қойылымы ұсынылды. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында 11 кездесу өткізіліп, оған 837 оқушы қатысты.

Сонымен қатар қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде  сотталған 559 адамды қамтыған 3 шара өткізілді.

Ауданға кәсіпкерлікті дамыту бойынша келген 2-топ өкілдері 36 шара өткізіп, 1092 тұрғын қамтылды. Топ мүшелері орта және шағын бизнесті қолдау бағытындағы «Бизнестің жол картасы — 2020», «Агробизнес — 2020», «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» түсіндіріп, әр түрлі семинарлар, тренингтер, шебер-кластар өткізілді. Нәтижесінде 238 адам оқыту курстарына қатысып, жеке сұрақтары бойынша 35 тұрғын кеңес алды.

Әлеуметтік мәселелер бойынша Мұғалжар ауданында 3-топ өкілдері 93 іс-шара өткізіп, барлығы 3158 адам қамтылды. 5 қайырымдылық акциясы барысында 25 тұрғынға 406 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді.

Сонымен қатар топ мүшелері аудандағы 441 үйді аралап, 90 жұмыссызға нақты көмек көрсетті. 20 адам тұрақты жұмысқа орналасып, 21 тұрғын қоғамдық жұмысқа тартылды.

20 шақты адам курстарға жіберілді.

Еңбек заңнамасын түсіндіру бойынша 33 ұжымда 971 қызметкердің қатысуымен кездесулер өткізіліп, 48 еңбек шарты жасалды.

Сондай-ақ ауданда дәрігерлер 872 тұрғынды қабылдап, 27 адамға қосымша ем

және кеңес алуға облыстық ауруханаға, 158 науқасқа аудандық ауруханаға жолдама берді. Облыстан келген дәрігерлердің көмегімен 5 ота жасалып, 458 балаға стоматологиялық көмек көрсетілді.

Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бұлбұл Елеусінова бастаған 4-топ өкілдері аудан тұрғындарымен 15 кездесу өткізіп, нәтижесінде 1295 адам қамтылды.

Үздік оқырмандарға облыстық, аудандық газеттерге тегін жазылуға 40 сертификат табысталып, тұрғындарға Елбасы Жолдауы және «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» бойынша дайындалған 200 дана әдістемелік құрал, «Адырна» және «Үш таған» журналдары таратылды.

Облыстық ішкі саясат басқармасының мәліметінше, бір аптаның ішінде интернет желілерінде 85 заңсыз контент анықталған. Өңірдің қоғамдық-саяси ахуалын анықтау мақсатында сауалнамалар жүргізілген.

21 ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ

Мұғалжар ауданына барған 1,2 -топ өкілдері жобаның «Террористтік шабуылдарға қарсы тұруға дайындық және күш блогын дайындау» бағыты бойынша ауданда 81 шара өткізіп, нәтижесінде 7603 тұрғын қамтылды. 4174 адамды қамтыған терроризм актісі немесе қауіп-қатер туындаған жағдайдағы іс-әрекеттерді түсіндіру мақсатында аудан тұрғындарымен 11 кездесу өткізілді.

Соның ішінде терроризмге қарсы мінез-құлықты және лаңкестік әрекет жағдайындағы іс-әрекеттерді дамыту бойынша 15 оқу-практикалық жұмыстары жүргізіліп, 1379 адам қамтылды. 431 адамды қамтыған «Қару», «Мигрант», «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шаралары өткізілді. Іс-шара барысында 21 құқықбұзушылық анықталып, жауаптылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Аталған бағыт бойынша 3-топ ауданда 42 шара өткізіп, нәтижесінде 106 адам қамтылды.

Мұғалжар және Темір аудандарында атқарылған жұмыстар барысында 19 654 адамды қамтыған 393 іс-шара өткізілді.

Екі ауданда жүргізілген түсіндіру жұмыстарының нәтижесі бойынша халықтың 91,7 пайызы жоба жұмысына қанағаттанған, ал сауалнамаға қатысушылардың 67 пайызы жұмысты тиімді деп бағалаған.

Аудандағы тұрғындар әлеуметтік сауалнама қорытындысы бойынша дін мәселесі (23,8%) туралы кеңірек айтылып, жұмыссыздық (21,5%), ауыл шаруашылығы (12,6%), денсаулық сақтау (11,5%) салаларындағы мәселелер жөнінде ауқымды түсіндіру жұмыстары кеңінен жүргізілсе деген ұсыныстарын білдірген.

Д.ҚАЗИХАН.

ОРТА МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында құрылған облыстық топ Темір қаласында С.Бəйішев атындағы орта мектептің оқушыларымен кездесу өткізді.

Мұнда олар оқушыларға теріс ағымдағы діни ағымдар туралы айтып, одан сақтанудың жолдарын көрсетті. Мұнымен бірге ағымдардың жəне терроризмнің зардаптары туралы да әңгімеледі. Әңгіме оқушыларға түсініктірек болу үшін бейнероликтер көрсетілді.Бұған қоса, тренинг өткізіліп, оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, толық жауап берілді.

А.ҚАЗЕКЕНОВ,

Темір ауданы.

 

 

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*