Басты бет » Жаңалықтар » Астана мен Алматы — Тәуелсіздігіміздің тірегі

Астана мен Алматы — Тәуелсіздігіміздің тірегі

Серік БОТАҒАРИН,

еңбек ардагері, «Ардагер» ұйымының төрағасы.

Қазір қала тұрғындарын қаланың екі ауданға бөлінуі, оның ішінде сол екі ауданның қалай аталу мәселесі көбірек мазалауда. Менің де көзқарасымды білгісі келгендер болған. Оларға мен «Астана», «Алматы» деп атаудың үйлесімді екенін айттым. Неге десеңіз, Астана — аз уақыттың ішінде «ЭКСПО-2017» көрмесімен, «Бәйтерегі», басқа да ғажайып сәулетті құрылыстарымен әлемге танылған жас қала. Алматыны да дүниежүзі біледі, асқақтаған Алатауы, әлемді сүйсіндірген Медеу мұз айдыны бар. Екеуі де екі заманда, әртүрлі екі ғасырда еліміздің астанасы болды. Мұндай беделді екі қаламыздың аттарының жадымызда қанша қайталанса да артықтығы жоқ.

Бекзат ҚАУМЕШЕВ,

Ақтөбе көлік-коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің тарих пәнінің оқытушысы.

Соңғы бес-алты жылдықта Ақтөбе қаласы айтарлықтай үлкейді. Халықтың саны өсті. Осы тұрғыда қаланы екі ауданға бөлу өте орынды іс. Ал екі ауданның еліміздегі екі қаламен аталуы біздің облыстың мерейін өсірмесе, түсірмейтіні анық. Ақтөбеліктер үшін Астана сөзі бөтен емес. Өңірге белгілі өлкетанушы Ырысжан Ілиясованың айтуынша, ХVIII ғасырда қазіргі Қобда ауданына қарасты Абат- Байтақ қорымының орнында Алтын орда мемлекетінің  Астана атты қаласы болған. Қала сол дәуірде өркендеген мықты шаһардың біріне айналған. Кейін зерттеушілердің айтуынша, ол жер «Астана қорымы» деп аталған. Себебі қорымға белгілі, атақты адамдар жерленген екен. Сондықтан Астана атауының бізге жаттығы жоқ. Сонымен бірге елімізді әлемге танымал еткен Астана қаласының биыл — жиырма жылдығы. Ал Алматы — тәуелсіздік алған кездегі еліміздің ең алғашқы астанасы, белгілі мемлекет қайраткерлері білім алған қала. Көптеген елдер Қазақстанды Алматы арқылы таниды. Ақтөбеде осындай екі қаламен аталған аудан болса, оның ешқандай артықтығы жоқ.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*