Басты бет » Спорт » «Қайрат» пен «Ақтөбе» кездесті

«Қайрат» пен «Ақтөбе» кездесті

Кеше Ақтөбе қаласында Премьер-Лига сапындағы «Ақтөбе» және «Қайрат» шағын футбол клубтарының ойыны өтті. «Қоныс» спорт сарайында болған ел чемпионаты аясындағы кездесуде алматылық команда алғырлық танытты.

Алғашқы минуттардан-ақ «Қайраттың» ойыншылары қырағылық көрсетіп, арасын ұзатпастан біздің қақпаға қос гол салды. Ерекше жылдамдықпен һәм ұйымшылдықпен ойнаған алматылық команда, қысқа қайырғанда, ұзын саны 7 рет мергендік танытты…

Біздің команда да жеңісті қолдан бермеуге тырысып бақты. Футболшылардың арасынан, әсіресе, №11 жейделі Эвертон ерледі: ол қатарынан үш голды қарсыластардың қақпасына сүңгітті. Сонымен, кешегі ойынның есебі — 7:3. Осылайша, алматылық шағын футбол клубы айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Айта кетейік, ойынды тамашалауға келген облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «Қайрат» командасына еңбегі сіңген бапкер Рикардо Камара Собралға (Какау) құрмет көрсетіп, Ақтөбенің дәмінен сый-сияпат жасады. Өз кезегінде белгілі жаттықтырушы қазақ футболының бүгінгі белестері жөнінде айтып, жас әріптестеріне сәттілік тіледі.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

 

 

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*