Басты бет » Жаңалықтар » Сотталғандарды жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс күшейтіледі

Сотталғандарды жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс күшейтіледі

Облыс басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында ауыр қылмыс деңгейінің азаюы туралы мәселе қаралды.

— Осы жылдың басынан сотталағандардың қайта құқық бұзуы бойынша 26 дерек тіркелді, — деп хабарлады Ақтөбе облысының қылмыстық-атқару жүйесі басқармасының басшысы Ернат Ақылжанов. — Ауыр қылмыстың негізгі себебі — бас бостандығынан айыру орнынан босатылған адамдардың әлсіз әлеуметтік бейімделуі. Бұл қайталанған құқықбұзушылықтардың жалпы санының 58 пайызы жұмыссыздар үлесіне тиесілі.

«Биыл облыста сотталғандарды жұмыс орындарымен қамтамасыз ету үшін 300 квота бөлінді, бірақ, іс жүзінде, жұмыс берушілер заңды бұзушыларды кез келген сылтаумен жұмысқа алмауға тырысады», — деді Ернат Aқылжанов. Жалпы, оның айтуынша, жыл басынан бері квота бойынша 13 адам жұмысқа орналасты. Сынақ мерзімі қызметінде жүрген барлығы 200-ден астам адам осы кезеңде жұмыс іздеген.

Облыс прокуроры Марат Қайыпжанов бұл мәселені шешу үшін квота бөлудің егжей-тегжейлі механизмін әзірлеуді ұсынды. Атап айтқанда, ол жазасын өтеп шыққандарға берілетін міндетті кәсіпорындардағы нақты жұмыс орындарын алдын ала анықтау қажет деп санайды.

Облыс әкімі осы бастаманы қолдап, сондай-ақ жұмыс берушілерді жұмысқа орналасу квотасына сәйкес келмегені үшін жауапқа тартуды тапсырды.

— Жұмыспен қамтамасыз ету шараларының ең тиімді бір тұсы — ауыр қылмысты болдырмау. Еңбек инспекциясы әрбір кәсіпорында жұмыспен қамту квоталары туралы заңнамаға сәйкестігін тексеру қажет, — деді Бердібек Сапарбаев.

Сондай-ақ сотталғандар үшін бос жұмыс орындары жәрмеңкесін жиірек өткізуді тапсырды.

Бұдан басқа, жол қауіпсіздігі, қылмыстың алдын алу және жалпы қылмыс деңгейін төмендету мәселелері қарастырылды.

Жиынды қорытындылай келе, облыс басшысы Ақтөбе қаласының қоғамдық орындарында, жолаушылар автобустарында және салондарында бейнекамералар орнатуды жалғастыруды, сондай-ақ көктемгі жайылымда мал ұрлығын болдырмау үшін жұмысты жандандыру туралы бірқатар тапсырмалар берді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*