Басты бет » Әлеумет » Ат спортын тамашалап, жәрмеңкеге келіңіз!

Ат спортын тамашалап, жәрмеңкеге келіңіз!

14 сәуір күні Ақтөбе қалалық ипподромында ат жарысы спорттық мерекесі мен ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

Құрметті ақтөбеліктер мен қала тұрғындары!

Ақтөбе қаласы әкімдігінің, қалалық дене шынықтыру бөлімінің және ұлттық спорт түрлерінен №3 жасөспірімдер спорт мектебінің  ұйымдастыруымен 2018 жылдың 14 сәуір күні сағат 11.00-де өтетін Ақтөбе қаласының ипподромына спорттық мереке мен кеңейтілген ауылшаруашылық жәрмеңкесіне шақырамыз!Спорттық мерекенің бағдарламасында ұлттық ат спорты түрлері: тай жарыс — 3 шақырым, теңге ілу, жаппай көкпар, атқа міну.

Жәрмеңкеге Ақтөбе қаласының жергілікті тауар өндірушілері, жылыжай кешендері және шаруа қожалықтары қатысады.

Қала тұрғындары мен қонақтарына ет, сүт, көкөніс, бакалея және кондитер өнімдері  базар бағаларымен салыстырғанда  10-15 пайызға төмен деңгейде ұсынылады.

Сондай-ақ жәрмеңкеде өндірушілерден — шаруа және фермерлік қожалықтардан ассортименттік қымыз және шұбат ұсынылады.

Барлығыңызды қатысуға шақырамыз!

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*