Басты бет » Денсаулық » Ауылдарға отыздан астам дәрігер жіберіледі

Ауылдарға отыздан астам дәрігер жіберіледі

М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінде биыл бітіретін интерндер мен резиденттерді жұмысқа орналастыру мәселесіне қатысты жиын өтті. Шараға еліміздің батыс өңірі мен Қызылорда облыстарындағы емдеу мекемелерінің бас дәрігерлері қатысты.

Тамыз айына дейін түлектер жұмыспен қамтылуы керек. Жиында осы мәселе жан-жақты сөз болды. Жалпы біздің облыста жетпіске жуық дәрігер жетіспейді. Оның ішінде анестезиолог, реаниматолог, педиатр, акушер-гинеколог, невропатолог мамандар тапшы. Биылғы жылы облыстық денсаулық сақтау басқармасы отыздан аса дәрігерді ауылдық жерлерге жіберуді жоспарлап отыр. Оларға әлеуметтік көмек көрсетіледі. Барған жерінде жас мамандар кемі үш жыл еңбек етуі тиіс. Өткен жылы университетті 568 түлек бітірген. Оның ішінде 241 жас облыста қалса, басым бөлігі қала мен аудандарға жұмысқа орналасқан.

 К.ҚОПАЕВА.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*