Басты бет » Мереке » Пасха мерекесімен құттықтады

Пасха мерекесімен құттықтады

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Свято-Никольский шіркеуінде болып, православие христиандарын Пасха мерекесімен құттықтады.

8 сәуір күні православие христиандары Пасха мерекесін атап өтті. Бұл —православтар үшін қасиетті мерекелердің бірі.

— Пасха — мейірімділік пен қайырымдылыққа үндейтін мереке, ал көпұлтты Қазақстан халқы діни және ұлттық мейрамдарды бірге тойлап келеді. Жыл басында біз Рождество мерекесін, одан соң Наурызды атап өттік. Бүгін Пасханы мерекелесек, бірнеше айдан кейін Құрбан айт келеді, — деп атап өтті облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Ол өз сөзінде Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген табыстары жөнінде айтты.

— Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясаты арқасында елімізде бірлік пен тұрақтылық, дінаралық татулық салтанат құрып отыр. Жас ұрпақтың парызы — осы ынтымақты көзінің қарашығындай сақтап, нығайта түсу, — деді облыс басшысы.

Шіркеуде облыс басшысымен бірге, Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов та болды. Иеромонах Нектарий (Гузев) оларға алғысын білдіріп, ел игілігі жолындағы істеріне сәттілік тіледі.

Мереке діни рәсімдермен жалғасты.

Т.ВИНОГРАДОВА.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*