Басты бет » Әлеумет » 169 бос жұмыс орны ұсынылды

169 бос жұмыс орны ұсынылды

Ақтөбе қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ғимаратында жазасын өтеп шыққан және пробация қызметі есебінде тұрған азаматтар үшін бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті.

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне 16 мекеме құрылыс және қызмет көрсету салалары бойынша 169 жұмыс орнын ұсынды. Жәрмеңкеге келген адамдардың жеке сәйкестендіру нөмірі бойынша әлеуметтік статустары анықталды. Сонымен қатар бұл күні жұмыспен қамту орталығымен жаңа форматтағы атаулы көмек тағайындау бойынша аз қамтылған отбасылардан құжаттар қабылдау жүргізілді.

Өткен жылдың наурыз айынан бастап есепке алудың бір терезе қағидасы аясында толық кешенді медициналық, әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету мақсатында Пробация үйі жобасы жүзеге асырылуда.

— Жыл басынан бері Пробация үйіне 143 адам жолықты. Оның ішінде 38 адам ресми, 24 адам бейресми жұмыс жасайтындар. Ал 47 адам түрлі себептерген байланысты бас тартты. Жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында ағымдағы жылы 11 бос жұмыс орны, сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді курстар ұсынылды, — деді жұмыспен қамту секторының меңгерушісі Зәмзәгүл Нағашыбаева.

Пробация үйінде әр аптаның бейсенбі күні қалалық жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп жәрмеңке ұйымдастырылып тұрады. Өткен аптада 6 адам қайта даярлау курсына жазылған. Курстар тегін жүргізіліп, шәкіртақы тағайындалады.

Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*