Басты бет » Білім » Даниярдың жеңісі

Даниярдың жеңісі

Алматы қаласында өткен халықаралық олимпиадада  ақтөбелік Данияр Қуатбаев ментальды арифметика бойынша жүлделі екінші орынды жеңіп алды.

Данияр Ақтөбе қаласындағы №32 мектеп-гимназияның 1-сыныбында оқиды.

Халықаралық олимпиадада қаламыздың абыройын асқақтатқан Данияр ғылым-білімге құмар болғанымен қатар, спортпен де шұғылданады. Спорттың сайыпқыран саңлағы Мұстафа Өзтүрік салған жолға бет бұрған ол бес жасында  таэквондодан халықаралық жарыста мойнына күмістен алқа тақты. Былтыр облыстық білім додасында бірінші орын иемденіп, Астанада ментальды арифметика бойынша өткен жарыстан да жүлдемен оралды.

Осындай жетістікке жетіп жүрген немеремізге алғысымыз шексіз, — дейді Даниярдың ата-әжесі.

Қайырхан ЖҰБАНИЯЗОВ,

Қ.Жұбанов атындағы

Ақтөбе өңірлік мемлекеттік

университетінің студенті.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*