Басты бет » Мереке » «Бауырсақ» фестивалі өтті

«Бауырсақ» фестивалі өтті

Қобда  ауданы да Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамын ерекше сән-салтанатпен атап өтті.

«Отан Ана» саябағында өткен мерекелік жиында жұртшылық ұлттық тағамдармен көмкерілген дастарқаннан дәм татып, өнерпаздар қауымы әуезді әндері мен күмбірлеген күйлерін тарту етті. Аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет қобдалықтарды Наурыз мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. Аудан орталығында 6 киіз үй тігілді. Аудандық білім бөлімі құрған «Бақытты бала» киіз үйі 100 ге жуық баланы қабылдап, дастарқан жайды.

Сонымен қатар Қобда ауданындағы кафелер арасында «Бауырсақ» фестивалі өтіп, жұртшылыққа тегін бауырсақ таратылды.

Жаңа жылда «Нұр Отан» партиясы, белсенді жастар және лауазымды тұлғалар аудан әкімі атынан Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагерлерін шаңырақтарына барып құттықтап, сыйлықтар тарту етті. Төл мерекеде қазақтың ұлттық ойындарынан жарыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Осылайша, дүбірлі мерекені думандатып өткізген қобдалықтар жылдан-жылға аман жетуге тілектерін арнады. Шара соңында әз Наурызға дайындалған наурыз көжеден көпшілік дәм татып, қыз жігіттерден құралған жастар алтыбақан тепті.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*