Басты бет » Мереке » Құрметті ақтөбеліктер!

Құрметті ақтөбеліктер!

Баршаңызды ырыс пен берекенің бастауы — Ұлыстың ұлы күні  Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті — Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына құт-береке, бақ пен молшылық әкелсін!

Біз әр күніміз өсу мен даму үшін мүмкіндік туғызатын ырыс-берекеміз нығайған елде өмір сүріп отырмыз.

Кез келген мемлекеттің басты құндылығы — оның Тәуелсіздігі, береке-бірлігі, қоғамдағы бейбітшілігі мен ұлтаралық келісімінде.

Біз үшін Тәуелсіздіктен асқан мұрат, Мәңгілік Елден асқан мақсат жоқ!

2017 жылы біз облыстың серпінді экономикалық өсімін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындадық.

Барлық ақтөбеліктердің тегеурінді еңбегінің және бірлескен күш-жігерінің арқасында өңірдің серпінді дамуына қол жеткізілді.

Біздің облыс барлық негізгі көрсеткіштер бойынша республикада жетекшілердің бірі болды.

2018 жылға берік негіз қаланды — одан әрі белсенді түрде әлеуметтік-экономикалық және рухани даму үшін барлық жағдай жасауға мүмкіндік жасалды.

Біздің міндетіміз — 2018 жылы ақтөбеліктердің тұрмыс деңгейін жақсарта түсу үшін барынша еңбек ету.

Қадірлі жерлестер!

Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз Наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып есептеледі.  

Құтты мекен Ақтөбе жерінде тоқсаннан астам ұлттың өкілдері тату-тәтті тіршілік кешіп жатыр. Олар туған өлкенің игілігіне адал еңбек етіп қана қоймай, ортақ мерекелерді де бірге атап өтеді.

Сондықтан да, барлығымыз бірігіп, көктем мерекесін бір шаңырақ астында, бір дастарқан басында отырып тойлаймыз, келген қонақ үшін есігіміз әрқашан да ашық.

Наурыз мерекесі Отанымызға — береке, халқымызға — игілік, әрбір шаңыраққа бақыт пен шаттық әкелсін!

Еліміз, Елбасымыз аман, жұртымыз тыныш болсын!

 Ізгі ниетпен,

Облыс әкімі Бердібек САПАРБАЕВ.

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*