Басты бет » Жаңалықтар » Ардагерлерге дастарқан жайды

Ардагерлерге дастарқан жайды

Облыс әкімінің аппараты  «Дастарқан» асханасында бір топ ардагерлерді Наурыз мерекесімен құттықтады. 

Дастарқан жайылып, ардагерлерге арналып мерекелік концерт ұйымдастырылды. Аппарат жетекшісі Нұржауған Қалауов жиналғандарды облыс әкімінің атынан Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады.

—  Жыл сайын Наурыз мерекесінің қарсаңында ардагерлерді жинап, құрмет көрсетеміз. Биыл да сіздердің көңіл күйлеріңізді көтеру үшін ақ дастарқан жайып отырмыз. Елдің, облыстың дамуына қосқан үлестеріңіз зор. Жаңа жыл отбастарыңызға береке, бірлік, молшылық алып келсін, дендеріңіз сау болсын, — деді.

Жас жігіттер арнайы сыйлық толы пакетті ардагерлерге үлестірді. Әнші Аймұрат Мәжікбаев ән айтып, үлкендердің көңілін көтерді. Сондай-ақ Нұржауған Қалауов алпыс жасқа толған Күләш Исмайлованы құттықтады. Облыстық әкімдіктің есеп бөлімінде жұмыс істеген ардагер әже осы салада зейнетке шыққан. Ардагер мереке қарсаңында елеп, ескерген жастарға алғысын айтып, батасын берді. Бір-бірлерін көптен көрмеген үлкендер дастарқан басында әңгіме айтып, ән тыңдап, мәз-мәйрам болысты. Жергілікті өнерпаздар ән салып, би биледі.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*