Басты бет » Жаңалықтар » Саланы цифрландыру қалай игерілуде?
Сурет egemen.kz сайтынан алынды

Саланы цифрландыру қалай игерілуде?

Цифрлы Қазақстан

Кеше облыстық әкімшілік ғимаратында облыс әкімінің орынбасары Серік Төленбергеновтің төрағалығымен кеңес өтіп, мемлекеттік сараптама  қызметін және құрылыс саласындағы ақпараттандыруды цифрландырудың барысы талқыланды. Бұл мәселе бойынша кеңесте «Мемлекеттік сараптама» республикалық  мемлекеттік кәсіпорны Ақтөбе облыстық филиалының басшысы Жандос Бітімбаев есеп берді. Бұдан кейін осы кәсіпорын басшысының орынбасарлары, мамандары цифрландыруға байланысты әр сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды және алда жүзеге асырылмақ мақсаттарды жан-жақты тартып айтты.

Бас қосуға облыстық, аудандық атқарушы органдардың басшылары қатысып, «Цифрлы Қазақстан»  мемлекттік бағдарламасы бойынша аталған салалардағы өріс алып отырған жұмыстарға қанықты. Цифрландыруға қатысты жаңа жұмыс әдістеріне, тың технологияларға назар аударды.

Аманқос ОРЫНҒАЛИҰЛЫ.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*