Басты бет » Жаңалықтар » Жаңа бастама — жарқын болашақ кепілі

Жаңа бастама — жарқын болашақ кепілі

Елбасының бес әлеуметтік бастамасы

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуін халыққа түсіндіру мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында дөңгелек үстел өтті.

«Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің  ұйымдастыруымен өткен шараға этномәдени бірлестік басшылары мен өкілдері, аналар кеңесінің мүшелері мен белсенді жастар қатысты.

Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңестерімен жұмыс және насихаттау бөлімінің меңгерушісі Темірлан Шоқпаровтың айтуынша, Елбасының бұл жолғы Үндеуі миллиондаған қарапайым халықтың көкейінде жүрген сауалдарына жауап бергендей.

Президенттің жаңа бес  әлеуметтік бастамасы барша қазақстандықтардың ертеңгі күнге деген сенімдерін нығайтып, болашаққа деген көзқарастарын нақтылай түсті. Бұл құжат еліміздегі басты мәселелерді дер кезінде шешуге бағытталған. Бүгін осы бастаманы кеңінен халық арасында насихаттап, түсіндіру мақсатында бас қосып отырмыз, — деді Темірлан Шоқпаров.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*