Басты бет » Жаңалықтар » Оқу-жаттығулар өткізіліп, қауіпті аймақтар белгіленді

Оқу-жаттығулар өткізіліп, қауіпті аймақтар белгіленді

Су тасқыны

 «Көктем-2018» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу аясында Ақтөбе облысының аймағында тәжірибелік оқу-жаттығулар өтуде.

Оқу-жаттығу кезінде таңғы сағат 8.00-де дабыл қағылып, қалада және аудандарда электрлік сиреналар іске қосылып, телеарналарда хабар беру жүргізілді. Облыстың төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиясының отырысы өтіп, облыстың азаматтық қорғаныс қызметтері және аудан әкімдерінің күштер мен құрылымдардың дайындығы туралы баяндамалары тыңдалды.

«Көктем-2018» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу аясында облыс бойынша 145 құрылым, 1180 жеке құрам қызметкер мен 40 техника жұмылдырылатын 55 тәжірибелік іс-шара өткізу жоспарлануда.

Оқу-жаттығулар қаладағы Кірпішті көпірі мен Богослов тасжолы аймағындағы Елек өзенінің арнасында тасқын кезінде су жіберуді қамтамасыз ету үшін тазалау жұмыстарынан басталды. Жұмыстар барысында қалалық құтқару жасағы төтенше жағдайларға жедел ден қою шараларын көрсетті.

Бұдан кейін оқу-жаттығу жұмыстары «ЭКО» бау-бақша ұжымында (Кірпішті көпірі аймағы) жүргізілді. Бұл жерде облыстық жедел ден қою қызметтерінің өзара әрекет етуі арқылы апаттық-құтқару және көктемгі су тасқынының жайсыз жалғасуына байланысты басқа да төтенше жағдайларды жою кезінде атқарылатын жұмыстар көрсетілді.

Оқу-жаттығу аясында штаб құру және апаттық-құтқару жұмыстары жүргізілген орындады байланыс құралдарымен қамтамасыз ету, апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу және көктемгі су тасқынының жайсыз жалғасуына байланысты тұрғындарды қауіпсіз аймаққа көшіру жұмыстары болды.

Қарғалы өзенінің арнасындағы бау-бақша үйлері мен бау-бақша ұжымдары су астында қалу қаупі орын алды. Осы аймақтарда тұратын халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төнді. Барлық қызметтер орынға жетті, басқару органы дереу жағдайды бағалап, халықты қауіпсіз жерге уақтылы көшіруді жүргізді. Нәтижесінде Қарғалы өзенінің арнасы тазартылып, бау-бақша ұжымын су басу қаупі жойылды. Тұрғындарды құлақтандыру және ақпараттандыру мақсатында «УАЗ» және «ТРЭКОЛ» көліктерінің базасындағы құлақтандырудың ұялы кешені пайдаланылды.

Ал Тұрғындар қалашығы жағажайында суға кеткен адамдарды құтқаруға арналған апаттық-құтқару жұмыстары жүргізілді. Оқиға орнында жедел-құтқару жасағы бөлімшесі мен апаттар медицинасы орталығы бригадасы жұмыс жасады. Қалалық төтенше жағдайлар комиссиясы құрамы Богослов тасжолының бойындағы су өткізу құрылымының жағдайын қарап, тексерді.

Оқу-жаттығу аясында төтенше жағдайлар департаменті Орынбор ауданының төтенше жағдайлар министрлігімен су тасқыны кезінде трансшекаралық жағдайлар туындағанда ақпарат тарату бойынша жасайтын өзара іс-қимылдарын саралады.

Су тасқыны кезінде болуы мүмкін төтенше жағдайларды жою бойынша жұмыстарға 114 азаматтық қорғаныс облыстық құрылымынан 1645 жеке құрам қызметкер, 484 техникалық құрал нақтыланып, қалыпқа келтірілді.

Облыс бойынша апаттық-құтқару жұмыстарына жұмылдыру үшін командалық-штабтық көлік құралдарын, байланыс және жарықтандыру құралдарын, құтқару және автокөлік құралдарын қоса алғанда, доңғалақты және жол талғамайтын автокөлік құралдары, 85 жүзу құралы мен 125 су сорғыш мотопомпа дайындалды. Сонымен қатар Ақтөбе облысы төтенше жағдайлар департаментінің құрылымдық бөлімшелері, жедел-құтқару жасағы мен өрт сөндіру қызметі жеке құрамынан 185 адам, 55 техника, 24 мотопомпа, 20 жүру құралдары су тасу қаупі бар аймақтарға бекітіліп, дайындалды.

Осындай оқу-жаттығулар арқылы алдын алу шаралары облыс аудандарында да жүргізіліп жатыр.

Айта кету керек, бүгінде облыс бойынша су тасқыны аймағына түсетін 43 тұрғын бекеті (12 580 адам) бар. Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу шеңберінде іс-шараларды тәжірибелік оқыту су тасқыны кезінде қауіпті аудандардың 100 пайызын қамтиды, бұл су тасқынынан зардап шеккен аймақтарда халықты қорғауды қамтамасыз етеді.

Жаттығулардың қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар департаментінің қызметтері мен күштері іс жүзінде су тасқыны кезінде қауіпті жағдайларды жоюға мүмкіндігі бар екенін көрсетті.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің

мемлекеттік тіл және ақпарат тобы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*