Басты бет » Әлеумет » Жол ережесін сақта!

Жол ережесін сақта!

Дөңгелек үстел

№52 негізгі орта мектепте «Жолда жүру ережелерін білеміз бе?» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараға МАИ қызметкері Айтбай Орын, мектеп инспекторы Олжас Сабыр, мұғалімдер мен 5-сынып оқушылары қатысты.

Басты мақсат — оқушыларға жол-көлік қозғалысын егжей-тегжейлі түсіндіру. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Аққаным Кенжешеваның айтуынша, жаңартылған білім беру бағдарламасында 5-сынып оқушыларына қазақ тілі пәнінен «Көлік және жол белгілері» бөлімі бойынша 10 сағат берілген.

Жол — шын мәнінде өмірдің өзегі, бақуатты тірліктің қайнар көзі. Жол қауіпсіздігін сақтау — өз өмірін сақтау екендігін оқушыларға түсіндіру мақсатында бүгінгі дөңгелек үстелді ұйымдастырып отырмыз, — дейді Аққаным Кенжешева.

Кездесу барысында МАИ қызметкері Айтбай Орын Қазақстан Республикасының «Жол ережесі туралы заңдарымен» таныстырып, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Жаңадан енгізілген жаңартылған білім беру бағдарламасы — заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Бұл жердегі басты міндет — оқушы мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде пайдалана алуы қажет.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*