Басты бет » Мәдениет » Өнер музейіндегі гүлдер әлемі

Өнер музейіндегі гүлдер әлемі

Облыстық өнер музейінде ерекше көрме ашылды: мұндағы туындылар арқылы тек гүлдермен ғана «сырласа» аласыз…

Суретші Айдар Еспаевтың «Алғысымды білдіре, бір шоқ гүл ұсынамын» атты көрмесіне 20 шақты туынды қойылған. Олардың бәрінде гүлдер бейнеленген: нәзік иілген аппақ түймедағы гүлдері, көктем көркі — қызғалдақтар, сұлулық символына айналған раушан гүлдері…

— Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ашылғандықтан, көрмеге автор тек әдемі гүлдер бейнеленген шығармаларын қоюды жөн көрді. Көпшілігі — реалистік, бірқатары абстракциялық бағытта жазылған туындылар. Олардың бәрінен нәзік лиризм, сыршылдық байқалады, —  дейді облыстық өнер музейінің кіші ғылыми қызметкері Жансая Есенжанқызы.

Жалпы, гүлдер әлемі — қазақ суретшілерінің жиі оралатын тақырыбы. Мысалы, Айша Ғалымбаеваның шығармашылығын еске түсіріңіз…

Бүгінде облыстық өнер музейінде төрт бірдей көрме: жоғарыдағы көрмеден бөлек, Ильсияр Казакованың, Ақтөбе қалалық көркемсурет лицейі және Бадамша өнер мектебі оқытушылары мен шәкірттерінің туындыларынан жеке-жеке көрмелер өтіп жатыр.

Айна САРЫБАЙ.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*