Басты бет » Басты жаңалықтар » Білімнің алтын қазынасы

Білімнің алтын қазынасы

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев білім саласында жүрген қыз-келіншектерді мерекемен құттықтады. Шығармашылық академиясында өткен салтанатты шараға облыстың әр ауданынан жиналған  350-ге жуық мұғалім қатысты.

Мерекелік кешті Ақтөбе гуманитарлық колледжінің «Ақтөбе kz» квартеті ашып, «Искорки» үлгілі би ансамблінің биімен бастады.

Облыс әкімі ұстаздар қауымын көктемнің жайма шуақ мерекесімен құттықтап, облыс мерейін асқақтатып, балалар білімі мен өнердегі жетістіктеріне өз үлесін қосқан 10 мұғалімге Алғыс хат пен 100 мың теңге көлеміндегі сертификат табыстады.

Әрбір жанұя мемлекеттің негізін құрайды. Ал жанұядағы бірлік, тыныштық, тәрбие бірден-бір анаға байланысты. Ана алдында өмір бойы борыштымыз. Біздің басты міндетіміз — ананың қадірін, оның қоғамда қандай маңызды ролі бар екенін, қадір-қасиетін, ақыл-өсиетін келешек ұрпаққа жеткізу. Облыстағы «Аналарға тағзым» орталығын салып жатқандағы басты мақсатымыз да — осы, — деді облыс әкімі.

Негізгі білім мен ғылым мектептен берілетіндігін айтқан Бердібек Сапарбаев барша ұстаздар қауымына облыс басшылығының атынан алғыс айтып, мемлекеттің әрі қарайғы даму үшін аянбай еңбек етуге шақырды.

Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасты. Жиналғандарға облыстық білім беру ұйымдарының шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті.

Кеш соңында жиналған нәзік жандылардың барлығына арнап жігіттер мен балалар гүл шоқтарын сыйлады.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*