Басты бет » Мереке » Ерекше балаларға қамқорлық

Ерекше балаларға қамқорлық

Ақтөбеде аутист балалардың «РАСтемка» ата-аналар қауымдастығы былтыр тамыз айында құрылды. Аталған орталық аутист балаларды емдеу, сауықтыруға қатысты проблемаларды шешумен айналысады.

Биыл сәуір айының ортасында облыс әкімдігінің және  «Асыл мирас» қорының қолдауымен аутист балаларға арналған орталық ашылады. Қауымдастықтың төрайымы Салтанат Кенжебекованың айтуынша, бұндай орталық  Алматы, Астана, Өскемен, Қызылорда қалаларында бар. Мақсат — аутист балаларға қоғам назарын аудару, оларды емдеу, сауықтыру. Орталыққа білікті мамандар жұмылдырылады. Қор тарапынан олардың шетелде білім алуына, озық тәжірибені  меңгеруіне мүмкіндік жасалады. Қазіргі күні қауымдастыққа 217 бала тіркелген. Салтанат Кенжебекованың айтуынша, олардың саны бұдан әлдеқайда көп болуы мүмкін. Себебі балаларға уақытында нақты диагноз қойылмайды. Жалпы ауру ерте сатысында анықталса, неғұрлым ем тиімді жүреді.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*