Басты бет » Мереке » Фитнес орталығы бизнеске жол ашты

Фитнес орталығы бизнеске жол ашты

Облыстық іскер әйелдер кеңесінің мүшесі Сәния Мұратова осыдан алты жыл бұрын «Life Style» фитнес орталығын ашты. Ақтөбе қаласындағы 12-шағын ауданда орналасқан орталықта бүгінде 20 жаттықтырушы мен 20-ға жуық қызметкер жұмыс істейді. Күніне 150-ден астам тұрғын келіп, тұрақты түрде спортпен шұғылданады. Кәсіпкердің айтуынша, келушілердің саны жылдан-жылға артып келеді.

— Фитнес орталығын іске қосу үшін он жылға жуық еңбек етіп, қаржы жинадым. 2012 жылы «Даму» қоры арқылы банктен несие алып, өз арманымды жүзеге асыруға мүмкіндік туды. Дене шынық­ты­ру мен спорт, жастарды руха­ни тәрбиелеу азаматтар ден­сау­лығын жақсартудағы ең маңыз­ды құралдардың бірі. Ертеңгі күні дамыған, бәсекеге қабілетті елдер қатарынан көріну үшін халықтың денсаулы­ғын жақсартуымыз керек. Жастар­ды есірткіден, ішімдіктен, темекі­ден және басқа да жаман әдеттер­ден алшақ ұстағанымыз абзал. Бұл — әрбір ата-ананың және отбасының міндеті, — дейді ол.
Аталған фитнес орталыққа үш жастан бастап балалар мен жасөспірімдер де қабылданады. Спорттың дзюдо, таеквондо, жүзу, жекпе-жек, бокс сынды барлығы 20-ға жуық секциясы жұмыс істейді.

Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

 

 

 

 

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*