Басты бет » Мереке » Үш жылдың жемісі

Үш жылдың жемісі

Бүгінгі білімді ұрпақ — еліміздің ертеңгі болашағы. Сондықтан балаларға қосымша білім берудің маңызы зор. Осы орайда Ақтөбе қаласындағы «Даму» оқу орталығы балаларға репетиторлық қызмет көрсетіп, тіл үйретеді.

Орталық директоры Гүлмира Тәңірбергенованың айтуынша, биыл оқу орталығының ашылғанына үш жыл толып отыр.

Менің негізгі мамандығым — педагог. Мен бірнеше мамандықты меңгергенмін. Ал оқу орталығын ашудағы басты мақсат — балаларыма жан-жақты, терең білім беру.

Менің екі ұлым бар. Оның үлкені мектепте оқиды. Сондықтан балаларым үшін, олардың болашағы үшін оқу орталығын ашуды жөн көрдім. Қазір орталықта 14 маман жұмыс жасайды. Біз қала мектептеріндегі 1-11 сыныпта оқитын оқушыларға қосымша білім беріп, тіл үйретіп, менталды арифметиканы меңгертеміз. Қазіргі кезде балаларға қосымша білім беріп, олардың жан-жақты дамуына жағдай жасау өте маңызды. Сондықтан біз орталықта әртүрлі әдістемелердің көмегімен баланың ойын дамытуға, жақсы білім алуына барлық жағдайды жасап отырмыз, — дейді ол.

Гүлмира Тәңірбергенова мұғалімдер отбасынан шыққан. Сондықтан оның бұл салада тәжірибесі де, көрген-түйгені де көп. Алдағы уақытта ол орталықтың жұмысын әлі де дамытып, жаңа бастамаларды қолға алмақ.

  Данагүл ҚАЗИХАН.

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*