Басты бет » Спорт » Екі алтын, бір қола медальмен оралды

Екі алтын, бір қола медальмен оралды

Еркін күрестен Нұрислам Санаев боксшы Ғалиб Жафаровтың бұдан он төрт жыл бұрынғы табысын қайталады.

Бішкекте грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Азия чемпионаты аяқталды. Ел намысын қорғаған ақтөбелік спортшылар 2 алтын, 1 қола медальды кеуделеріне тақты.

Әлем чемпионатының жүлдегері Мейрамбек Айнағұлов бұл жолы үшінші нәтижемен қанағаттанды. Үшінші орын үшін белдесуде ол үнділік қарсыласын 9:0 есебімен жеңді. Жерлесіміз сәуір айында Иранда өтетін командалық Әлем кубогы сайысына қатыспақшы.

Бішкекте грэпплинг бойынша сайысқа шыққан Айжан Исмағұлова континент чемпионы атанды.

Ал Нұрислам Санаев облыс тарихында тұңғыш рет еркін күрестен Азия чемпионы атанды. Осындай атақты боксшы Ғалиф Жафаров 2014 жылы жеңіп алған еді. Нұрислам қарсыластарының барлығын таза жеңіп, жеңіс туын жоғары көтерді. Жерлесіміз Джакартада өтетін ХVІІІ жазғы Азия ойындарына жолдама алды.

Абат ҚАРАТАЕВ.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*