Басты бет » Денсаулық » Кешенді диагностикалық CHECK-UP орталығы салынады

Кешенді диагностикалық CHECK-UP орталығы салынады

Ақтөбеде кешенді диагностикалық Check-up орталығының құрылысы басталады. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен Сеул ұлттық университеті госпиталінің вице-президенті, профессор Кванг Вунг Лидің кездесуі қорытындысы бойынша тиісті келісімшартқа қол қойылды.

— Сырқаттың бастапқы диагностикасы мәселесі өңір үшін де, сондай-ақ тұтастай еліміз бойынша да маңызды болып қалуда. Осыған байланысты біз Оңтүстік Кореяның тәжірибесі мен ең озық технологиясын ескере отырып, денсаулық сақтау жүйесін дамытуға мүдделіміз. Біз сондай-ақ осы жобаны жүзеге асыру және жоғары білікті қызметкерлер даярлау мәселесінде сіздердің қолдауларыңызды күтеміз, — деді келіссөз барысында Бердібек Сапарбаев.

Өз кезегінде профессор Кванг Вунг Ли осы мақсатта Ақтөбеге оңтүстіккореялық мамандар тобы арнайы келгенін атап көрсетіп, мәселені шешуге ықпал етуге әзірліктерін білдірді.

— Кемінде алғашқы екі жылда Оңтүстік Кореядан мамандардан ең маңызды деген дәрігерлер жіберілетін болады, — деді ол.

Орталықтың құрылысы келесі айда-ақ басталады. Жобаны аяқтау 2019 жылдың бірінші жартысына деп белгіленуде.

Заманауи диагностикалық орталықты құрудың негізгі мақсаты — әртүрлі сырқаттардың бастапқы және дер кезіндегі диагностикасын жасау, медициналық туризмді дамыту, Ақтөбе облысы мамандарының біліктілігі деңгейін көтеру, диагностика мен емдеудің заманауи әдістерін енгізу.

Қазақстанда тұңғыш рет Корея медицинасының көшбасшысы — Сеул ұлттық университеті госпиталінің қолдауымен тұрғындардың денсаулығы жағдайын кешенді бағалау бойынша әлемдік стандарттарға жауап беретін заманауи орталықтың моделі іске қосылатын болады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*