Басты бет » Мәдениет » Қайырхан — бас жүлде иегері

Қайырхан — бас жүлде иегері

Айтыс

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің 90 жылдық мерейтойына орай «Менің пірім — Сүйінбай» атты республикалық жас ақындар айтысында ақтөбелік студент Қайырхан Жұбаниязов бас жүлдені жеңіп алды.

Бұл сайысқа еліміздің 28 жоғары  оқу орнынан 54 жас ақын қатысып, бақ сынады. Облыс атынан  сайысқа Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің қазақ филологиясы мамандығының 4-курс студенті Қайырхан Жұбаниязов қатысты. Финалда Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының 4-курс студенті Ерзат Әренді жеңіп, бас жүлдеге ие болды.  Жеңіске 500 мың теңге сыйақы берілді.

— Республикалық айтысқа бірінші рет қатысып отырмын. Алғашында қобалжығаным рас. Бірақ бәрі ойдағыдай өтті. Бұйырса, алдағы уақытта Жүрсін Ерман өткізетін айтыстарға қатысқым келеді, — деді Қайырхан.
Қайырхан Жұбаниязов Әйтеке би ауданы Ақкөл ауылында туған. Ақтөбенің абыройын асқақтатып келген жас ақынға сәттілік тілейміз.

 Жайнагүл КӨШКЕНОВА,

Қ.Жұбанов атындағы
Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің студенті.

 

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*