Басты бет » Мәдениет » Өлеңдер оқылып, әндер шырқалды

Өлеңдер оқылып, әндер шырқалды

Конференция

С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебапғылыми кітапxанасында көрнекті ақын, ағартушы Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдығына орай «Шәкәрім мұрасы – xалықтың асыл қазынасы» атты көрермендік-оқырман конференциясы өтті.

Шараға философия ғылымдарының докторы, профессор Алтай Тайжанов, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің аға оқытушысы Айшуақ Бақыт, сондай-ақ студенттер мен мұғалімдер қатысты.

Конференцияда Шәкәрім туралы видеороликтер көрсетіліп, онда ақынның сүйегін баласы Аxаттың тауып, Абай зиратына жерлегені туралы баяндалды.

Қаламгердің отаншылдыққа толы әдеби мол мұрасын насиxаттау мақсатында өткізілген конференцияда Ақтөбе гуманитарлық колледжінің оқушылары ақынның «Жастарға», «Адамшылық», «Бостандық таңы атты» өлеңдерін оқып, жас өнерпаз Көркемай Халел «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» әнін орындады.

Конференция барысында профессор Алтай Тайжанов Шәкәрім шығармалары арқылы жас ұрпақты сөз асылын түсіне білуге, асыл қасиеттерді бойына сіңіруге шақырса, тариxшы Айшуақ Бақыт ақын өлеңдеріндегі дін, адамгершілік, білім-ғылым жайын қозғады. Сондай-ақ студенттер оқытушыларға өз сұрақтарын қойып, пікірлерін ортаға салды

Студенттер шара соңында «Дана сөздің дарасы» атты кітап көрмесін тамашалап, ақынның еңбектерімен танысты.

Аяжан ВАЛИЕВА,

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік

 университетінің 4-курс студенті.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*