Басты бет » Жастар » Ақтөбелік Еламан Қойшыбаев — қазақша күрестен әлем чемпионы

Ақтөбелік Еламан Қойшыбаев — қазақша күрестен әлем чемпионы

Ол 2012 жылы Бразилия елінде жастар арасында өткен чемпионатта әлем чемпионы атанған.

Еламанның қазақша күреспен айналысқанына 13 жылдан асыпты. Оның спортқа деген ынтасы жас кезінен басталған. 11 жасында ағасы Еріктің айтуымен күреске қатыса бастайды. Өзі туып-өскен Қандыағаш қаласыдағы спорт мектебінде тәлім алып, талай жарыста бақ сынаған. Еламан 2012 жылы ақпан айында Қызылорда облысының Шиелі ауданында жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионы атанып, Әлем чемпионатына жолдама алған. Сол жылы 82 келі салмақ дәрежесінде Бразилияның Сан-Паулу қаласында өткен әлем чемпионатында ел намысын қорғап, қазақ елінің туын көкке желбіретті.

Еламан бүгінде тек күреспен шектеліп қоймай, самбомен де айналысады. Түрікменстанның Ашxабад қаласында өткен Азия чемпионатында қола жүлдегер атанған.

— Ендігі жоспарым олимпиада ойындарына қатысып, жүлделі орын алып, қазақ елінің әлемге танытсам деймін, — дейді жас спортшы.

Айта кету керек, Еламан былтыр Ақтөбеде өткен ХХVІІІ Универсиада алауын тұтату салтанатына қатысып, алау сақшысы міндетін атқарған.

Аяжан ВАЛИЕВА,

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік

университетінің филология факультетінің

 4-курс студенті.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*