Басты бет » Әлеумет » Оқушылар ортасындағы әнгіме

Оқушылар ортасындағы әнгіме

Жолдау

Елбасы Жолдауын насихаттау мақсатында құрылған ақпараттық топ болашақ мейірбикелермен кездесті. М.Мәметова атындағы Ақтөбе медициналық колледжінде өткен кездесуге философия ғылымдарының докторы, профессор Алтай Тайжанов,  «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры»  акционерлік қоғамы Ақтөбе облыстық филиалының  директоры Жанар Шайхимова, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облыстық филиалының бөлім басшысы Салтанат Оңғар және облыстық ішкі саясат басқармасы мамандарының өкілдері мен коллежд оқушылары қатысты.  

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын колледж оқытушылары мен оқушыларына түсіндіру мақсатында бас қосқан жиында алдымен сөз алған профессор Алтай Тайжанов Жолдаудың негізгі бағыттары мен басты стратегияларын атап өтті.

Ал Жанар Шайхимова жиналғандарға үстіміздегі жылдың 1 шілдесінен бастап еліміздегі базалық зейнетақының қалай есептелетіндігін айтып, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының электрондық қызметтеріне тоқталды. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облыстық филиалының бөлім басшысы Салтанат Оңғар денсаулық саласын дамыту Елбасы Жолдауында көрсетілген маңызды мәселелердің бірі екенін алға тартып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жайында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.

Кездесу барысында ақпараттық топ мүшелері оқушылармен өзара пікірлесіп, олардың тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*