Басты бет » Жаңалықтар » Қаламдастың қадірі

Қаламдастың қадірі

Әмір Оралбай 1981 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген соң еңбек жолын Ақтөбе облысында бастады. Қазіргі Мұғалжар аудандық газетінде тілші, редактордың орынбасары болды. Одан кейінгі жылдарда республикалық «Лениншіл жас», «Егемен Қазақстан» газеттерінің меншікті тілшісі қызметін атқарды. Облыстық «Ақтөбе», «Актюбинский вестник» газеттерінде басшылық қызметте болды. Қай буында еңбек етсе де, ол қалам қарымын танытып, уақыт тынысын тап басып, өзекті мәселелерді қозғай білді.

Белгілі журналистің арамыздан мезгілсіз кеткеніне де он жыл өтіпті. Бүгінде «Ақтөбе Медиа» ЖШС-на қарайтын облыстық «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің ұжымы әріптесін еске алды.

Жиынды ашқан «Ақтөбе Медиа» ЖШС директоры Раукен Отыншин Әмір Оралбайдың ширек ғасырдан астам журналистік жолындағы еңбектерін атап өтті.

Әмірдің университетте бірге оқыған жолдасы, танымал қалам иесі Қайнар Олжай Астанадан келген сапарында осы шараға қатысып, студенттік күндерден, кейінгі кезеңдерден естелік айтты. Сондай-ақ журналистер Ертай Ашықбаев, Аманқос Орынғалиұлы, Жанқабыл Қабақбаев, Бердібай Кемал әріптес туралы әңгімелерін ортаға салды.

Еске алу шарасына журналистің зайыбы Меңдігүл Оралбаева, баласы Ернұр қатысты.

Нұрмұханбет ДИЯРОВ.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*