Басты бет » Жаңалықтар » Астық сатып алу тәртібіндегі өзгерістер

Астық сатып алу тәртібіндегі өзгерістер

Цифрлық Қазақстан

Біз цифрландыру дәуіріне, инновациялық даму мен технологиялардың жаңаруына қарай қадам басып келеміз. Бұл көптеген жұмысты жеңіл әрі жедел атқаруға септігін тигізеді.

Елбасымыздың  биылғы  Қазақстан халқына   Жолдауында  осы мәселе  —  цифрлық білім беру ресурстарын дамыту  қажеттілігі айтылды.

Ауыл шаруашылығы саласындағы соңғы  жаңалықтардың бірі — үстіміздегі  жылдың  15-қаңтарынан  бастап енгізілген астықты сатып алу жұмысының  толығымен электронды форматқа көшірілуі.

Электрондық астық саудасын дамыту мақсатында  дәнді дақылдарды сатып алу жолдары  кеңейтіліп, бүгінгі күні  сатып алуды мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында астық қолхаттарын сатып алу арқылы жүзеге асыруға  «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» акционерлік қоғамы  мүмкіндік алды.

Қазіргі уақытта электронды астық қолхаттарының ақпараттық жүйесінде (www.minagro.kz интернет-ресурсы) мемлекеттік мүлік тізіліміндегі веб-порталдың электрондық сауда алаңында астық қолхаттарын сату функционалы – www.gosreestr.kz интернет-ресурсында ұсынылған. Соңғы ресурс астық қолхаттарын сатуға арналған электрондық сауда алаңына қол жеткізудің бірыңғай нүктесін ұсынады.

Астық иелері жоғарыда аталған электрондық сауда алаңында сату үшін астық қолхаттарын www.minagro.kz интернет-ресурсының жеке кабинетінде көрсете алады.

Сатып алу түрінің басымдылығы астық өндіруші үйден шықпай, интернет арқылы компьютерінен немесе смартфоннан өтінім беріп, бидай сатып, ол үшін ақша ала алатынына негізделген.  Сатып алу кезінде электрондық жүйе фермердің Азық-түлік келісімшарт корпорациясының немесе әкімдіктің өкілдерімен байланысуын болдырмайды.

Облыстық әкімдікте «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы ресурсына астық сатып алу жөнінде облыстық жұмыс тобы құрылған.

Топтың құрамына облыстық кәсіпкерлер палатасы мен  фермерлер одағының өкілдері, облыстық мәслихат депутаты және бұл мәселенің шешілуіне қатысты мемлекеттік ведомство басшылары кіреді.

Астықтың жалпы жиналуына сәйкес, облыс бойынша  квота бекітілген. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің арасында астық алқабының бір гектарына 1350 келі есебімен квоталар белгіленген.

Астық квотасын алуға тілек білдірген шаруашылықтар комиссияға ертерек хат жіберулері керек. Астық сатып алу жөніндегі облыстық жұмыс тобы бұл өтінішті қарап, әр ауыл шаруашылығы тауар өндірушісі бойынша квотаның ауысуын шешеді.

Бұл квота жерге және нақты бидай дақылдарына байланысты ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге (АШТӨ) астық сату көлемін әділ анықтау үшін белгіленген.

Өтінімдерді  ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен, астық тізімінің тіркеушісі болып табылатын «Ақпараттық орталық» акционерлік қоғамы электрондық түрде қабылдайды.

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» акционерлік қоғамы  Ақтөбе филиалымен келісілген, сатып алуды жүзеге асыратын астық қабылдау кәсіпорындары: «Жаңа Әлжан диірмен комбинаты»  және «Степной Алтын Астық»  жауапкершілігі  шектеулі серіктестіктері.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, астық сатып алу алғаш рет minagro.kz. порталында электрондық форматта жүргізіледі. Ол үшін «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы сатып алушы ретінде «Ақпараттық-есептік орталығы» акционерлік қоғамының арнайы жүйелік жобасын пайдаланады.

Сатып алу бойынша барлық операциялар сайттағы онлайнда белгіленген.
Бидайды сатып алу екі кезеңде жүргізіледі. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушісі  жүйеге кіріп, өзіне тиесілі жер көлемі мен астық егілген жердің аумағы жайлы ақпараттарды  енгізуі тиіс. Бүгінде жерді ғарыштан бақылау жүйесі мультиспектралды суреттерді жасай алады. Аталған функцияның арқасында егістіктің нақты көлемін анықтауға мүмкіндік бар. Бұл ақпарат автоматты түрде мультиспектралды суреттерді жер кадастрындағы заңды және жеке тұлғалардың жеке мәліметтерімен салыстыру арқылы тексереді. Сондықтан агроөнеркәсіп саласы қызметкерлері сатылуы тиіс астық мөлшерін заңсыз жоғарылата алмайды. Және өз алқаптарын заңсыз жалға беріп отырған әрекеттерді әшкерелеуге болады.

Онлайн сатып алудың екінші кезеңі — квота бойынша астық қолхатын сатудың бұйрығына қол қою. Қатысушы өз бетінде алқапты суретке салып, «сат» сөзін басады. Сол кезде жүйемен сатып алушының — азық-түлік корпорациясының мәліметі толтырылады. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші «Төлемге қарсы тасымалдау» белгісімен астықты сататын бұйрыққа қол қояды.

Азық-түлік корпорациясы астық қолхатын сатып алу үшін өз міндетін жедел орындайды. Жүйе тіркеуші есебіне сатудан түскен ақшаны бірден көрсетіп, астық қолхаты азық-түлік корпорациясында автоматты түрде толтырылады. Ақша комиссиясыз агрардың есебіне аударылады.

Түсінікті болу үшін мысал келтіретін болсақ: егер фермердің 500 гектар жері болса, оның 70 гектары жайылымдық  жер, ал 430 гектар алқаптың тек қана 380 гектары себілген. Өңірдегі жалпы квоталар мен орташа өнімділікке байланысты, бір гектардан тасымалдау көлемін азық-түлік корпорациясы анықтайды. Яғни, 380 гектар 1,35 тоннаға көбейтіліп, 513 тонна алынуы тиіс. Фермердің орташа квотасы шамамен осылай есептелінеді.

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» 3-сыныпты бидайдың бір тоннасын 42 мың теңгеге сатып алады. Баға 2017 жылы желтоқсан  айының соңында бекітілді.  Көршілес Ресей елінен арзанға сатып алып, үстіне бағасын қосып, оны өзі өсірген өнім ретінде өткізу әрекеттерінің алдын алу мақсатында тиісті шаралар қолға алынуда.

Облыстың Ресеймен шекаралас 3 ауданында арнайы штаб пен мобильді топтар жұмыс жасайды. Олар көрші елден заңсыз астық тасымалдауды көздегендерді  тоқтатып, заңбұзушылық шараларын жүргізеді.

Жалпы, астықты сатып алу  шарасын  орындау барысында, бүгінгі таңда астық нарығын тұрақтандыру бойынша екі негізгі мәселе шешілуі тиіс.

Біріншіден, астықты сатып алу туралы жаңалық нарыққа қарқындылық қосады.  Сатып алу туралы хабарландыру қарсаңында бидайдың бір тоннасы  38 мың теңгеге бағаланған  болса,  қазір бір тоннаның бағасы 42 мың теңгеге өсті.

Екіншіден, астықты тасымалдау бойынша сұраныстың белгілі тұрақтылығы байқалады.

А.СИТМҰХАМБЕТОВА,

Ауыл шаруашылығы министрлігінің

Агроөнеркәсіп кешеніндегі  мемлекеттік

инспекция комитетінің облыстық

аумақтық инспекциясының

мемлекеттік астық инспекциясы

бөлімінің басшысы.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*