Басты бет » Спорт » Нұрқанат ел намысын қорғады

Нұрқанат ел намысын қорғады

Ресей Федерациясының Татарстан Республикасы Қазан қаласында өткен Әлем біріншілігінде С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің студенті Нұрқанат Қияқбаев қола медаль иеленді.

Белбеу күресінен өткен дүбірлі додада әлемнің 21 мемлекетінен 200-ге жуық жас палуан бақ сынаған болатын. Сайыс 18-20 жас аралығындағы жастар арасында өтті.

68 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Нұрқанат бұған дейін Алматы облысы Қапшағай қаласында өткен ҚР чемпионатында ересектер арасындағы чемпион деп танылып, спорт шебері атанған-ды.

Менің жеңіске жетуіме бапкерім Тұрлыбек Айтжановтың үлесі зор. Жаттықтырушымның менен де басқа шәкірттері республикалық, халықаралық деңгейдегі жарыстарда биіктерден көрініп жүр. Әлем чемпионаттарының жүлдегерлерінің бапкері Тұрлыбек Айтжанов шалғайдағы ауылда — Байғанин ауданының Алтай батыр ауылында тұрады. Сол ауылдағы Пушкин атындағы орта мектепте еңбек етуде, — дейді Нұрқанат.

Жас спортшы өз сөзінде әлем біріншілігіне қатысуына демеушілік көрсеткені үшін  Сартоғай селолық округінің әкімдігіне, аудандық спорт бөліміне, ел азаматтарына ризашылығын білдірді.

Гүлсім КӘДІРБЕКҚЫЗЫ.

Ақтөбе қаласы.

 

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*