Басты бет » Жаңалықтар » Техникалық мамандар тапшы

Техникалық мамандар тапшы

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру мақсатында құрылған облыстық ақпараттық топ мүшелері «Қазхром» трансұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Ақтөбе ферроқорытпа зауытының еңбеккерлерімен кездесті

Басқосуға философия ғылымдарының докторы, А.Тайжанов, математикалық ғылымдар магистрі А.Киреев, облыстық ішкі саясат басқармасының талдау және мониторинг бөлімінің басшысы Б.Айдосов қатысып,

Президент Жолдауында айтылған негізгі бағыттарға тоқталды.

— Биылғы Елбасы Жолдауында айтылған ең басты міндеттердің бірі — өндірісте жаңа технологияны енгізу, білімді мамандар даярлау. Жыл сайын бізге жоғары оқу орнынан келген жас мамандар тәжірибеден өтіп, шеберліктерін шыңдайды. Ең алдымен зауыттағы жұмысшылардың білім сапасына мән беруіміз керек. Себебі жаңа технологияларды тек білікті мамандар ғана меңгере алады. Қазіргі таңда  металлург, балқытушы, электржабдықтаушы, дәнекерлеуші секілді мамандарға сұраныс жоғары. Сондықтан қазіргі жастар техникалық мамандарды оқуға талпынғаны дұрыс, — дейді Ақтөбе ферроқорытпа зауытының №2 балқыту цехының басшысы Әбілқайыр Сотқаров.

Жиын барысында ақпарттық топтың мүшелері кездесуге қатысушылардың пікірлерін тыңдап, сауалдарына жауап берді.

Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

 

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*