Басты бет » Құқық » Екі ел арасындағы достықтың көрінісі

Екі ел арасындағы достықтың көрінісі

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында Ресей Федерациясы ІІМ Воронеж институтымен онлайн режимде «Құқық бұзушылыққа «Мүлдем төзбеушілік» қағидасын қоғамда қалыптастыру» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті. Шараға оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы, институттың біліктілігін арттыру курсының тыңдаушылары қатысты.

Басқосу мақсаты — қоғамдағы ұсақ құқықбұзушылықтарды ескертудегі өзекті мәселелерді талқылап, түрлі тәртіпсіздіктің алдын алуда бірігіп ұсыныстар мен әдістемелер дайындау. Жиын барысында алдымен ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы Сәлімкерей Қаракүшев сөз алды. Ол көрші Ресей елімен арадағы достық қарым-қатынастың қай салада болмасын жоғары деңгейде екендігін айта келе, осындай дөңгелек үстелдің өтуіне мұрындық болған Ресей Федерациясы ІІМ Воронеж институтының ұжымына алғыс білдірді.

Жиында екі елдегі құқық қорғау органдарының жұмысы, қоғамда белгілі бір деңгейде тәртіпті қадағалау мақсатында атқарылып жатқан шаралар жөнінде айтылып, пікір алмасты.

Айта кетейік, құқықбұзушылыққа «Мүлдем төзбеушілік» қағидасын қоғамда қалыптастыру қажеттілігі Елбасы Жолдауында атап көрсетілген. Бүгінде бұл бағытта  түрлі іс шаралар өткізіліп келеді. Басты мақсат қоғамда тәртіп пен адамдар арасында өзара сыйластықты арттыра түсу, сондай-ақ полиция имиджін көтеру.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*