Басты бет » Жаңалықтар » Көмегі көп келісімшарт

Көмегі көп келісімшарт

Кәсіподақ

«Қазхром» ТҰК» акционерлік қоғамы филиалы — Ақтөбе ферроқорытпа зауытының өндіріс басында  облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Алтынбек Әмірғалиев кәсіподақ активімен кездесті. Облыстың кәсіподақтары басшылығына  келген А.Әмірғалиевтің бұл бірінші кездесуі.

Өндірістік ұжымдағы өткен кездесудің әңгіме арқауы — кәсіподақ жұмысын жақсарту, металлургтер ұжымындағы әлеуметтік-еңбек қатынастары туралы болды.

Зауытта бүгінде 4 мыңның үстінде адам жұмыс істейді. Олардың барлығы кәсіподақ мүшелері.

«Қазхром» ТҰК» акционерлік қоғамымен  2016-2020 жылдарға ұжымдық келісімшарт  бекітілген. Онда жастар саясаты, ұжымдық және жеке дауларды қарау, компания қызметкерлерін жұмыспен қамту, кадрларды даярлау және қайта даярлау, тағы басқа, барлығы 13 тарау бар. Ұжымдық келісімшарт негізгі мәселелермен қатар, еңбек пен демалыс, әлеуметтік кепілдіктер, еңбек қорғау жағдайларын қамтып, еңбек адамдарының алатын орны мен мәнін айқындаған.

Еңбекақыны көтеру ұжымда кезеңмен жүзеге асырылып келеді, өткен жылдың қыркүйегінен желтоқсан айына дейін мамандығы мен лауазымына байланыссыз әр адамға 18500 теңге қосылған.

Қауіпсіздік және еңбек қорғау жөніндегі өндірістік кеңес құрылған. Кәсіподақтардан 64 техникалық инспектор бекітілген.

Кездесуге зауыт директоры Мұрат Мұқашев қатысты.

Аманқос ОРЫНҒАЛИҰЛЫ.

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*