Басты бет » Әлеумет » Өнімді қайта өңдеу тиімді
Сурет egemen.kz сайтынан алынды

Өнімді қайта өңдеу тиімді

Жолдау

Жолдаудың әрбір бағыты өзіндік салаға қатысты үлкен стратегиялық маңызға ие. Оның үшінші бағыты «Ақылды технологиялар» деп аталады. Бұл — агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі.

Президент өз сөзінде: «Аграрлық саясат еңбек өнімділігін түбегейлі арттыруға және өңделген өнімнің экспортын ұлғайтуға бағытталуы керек.

Біз егін егіп, дәнді дақылдарды өсіруді үйрендік. Оны мақтан тұтамыз. Алайда қазір ол жеткіліксіз. Шикізатты қайта өңдеуді қамтамасыз етіп, әлемдік нарықтарға жоғары сапалы дайын өніммен шығуымыз қажет. Бұл мәселені шешуге барлық аграрлық кешеннің түбегейлі бет бұруы маңызды» деп атап көрсетті.

Өткен жылғы Жолдауында Елбасы ауыл шаруашылығы саласын экономиканың негізгі драйверіне айналдыру керек деген болатын. Міне, енді кезекті Жолдауында бұл саланы заманауиландыруға ерекше мән беріп отыр.

Бүгінгі күні біздің ауданымызда ауыл шаруашылығы саласының өңір экономикасын көтерудегі үлесі айрықша. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бағытында да ауыз толтырып айтарлықтай жаңалықтар көп.

Біз Жолдауда алғы күндерге жүктелген міндеттерді басшылыққа алып, бұрынғы жетістіктерімізді одан әрі жалғастырып жұмыс жасауды парызымыз санаймыз.

Нұрлат ӘЛМҰРАТОВ,

«Айнұр» шаруа қожалығының жұмысшысы.

Хромтау ауданы.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*