Басты бет » Денсаулық » 26 әйел тегін тексерілді

26 әйел тегін тексерілді

Облыстық перинаталдық орталықта жатыр мойны обырының алдын алуға арналған Ашық есік күні өтті. Дәрігерлер қабылдауға келген қыз-келіншектерді тегін қарады.

Орталықтың кеңес беру және диагностикалық бөлімінің меңгерушісі, дәрігер Айгүл Жәлелдің айтуынша, кейінгі кезде қатерлі ісік жас қыз-келіншектердің де арасында жиі кездеседі.

Көп жағдайда ісік вирустардың әсерінен пайда болады. Әйелдер мүмкіндігінше жас кезінен бастап дәрігерге қаралып тұрғаны жөн. Ауруды неғұрлым ерте анықтасақ, соғұрлым ем нәтижелі болады, — деді дәрігер.

Былтырғы жылы орталықа 3204 адам қаралған. Оның 63 пайызы әртүрлі аурумен ауырса,  58 пайызы — ауылдық жерде тұратын әйелдер. 461 науқас емделген.

Ашық есік күні 26 адам келді.

Жайнагүл КӨШКЕНОВА,

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің студенті.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*