Басты бет » Басты жаңалықтар » Облыс әкімі Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаевтың «2017 жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және 2018 жылға арналған міндеттері туралы» есебіне тезистері

Облыс әкімі Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаевтың «2017 жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және 2018 жылға арналған міндеттері туралы» есебіне тезистері

 

Құрметті жерлестер!

2017 жылы біздер облыстың серпінді экономикалық өсімін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындадық.

Барлық ақтөбеліктердің тегеурінді еңбегінің және бірлескен күш-жігерінің арқасында өңірдің серпінді дамуына қол жеткізілді.

Біздің облыс барлық негізгі көрсеткіштер бойынша республикада жетекшілердің бірі болды.

2018 жылға берік негіз қаланды – одан әрі белсенді түрде әлеуметтік- экономикалық және рухани даму үшін барлық жағдай жасауға мүмкіндік жасалды.

Біздің міндетіміз — 2018 жылы ақтөбеліктердің тұрмыс деңгейін жақсарта түсу үшін одан анағұрлым күш-жігер жұмсау болып табылады.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында белгілеген нақты басымдықтар ағымдағы жылға бағдар болады.

Бұл есепте өткен жылдың негізгі жетістіктері мен ағымдағы жылғы  алда тұрған міндеттер көрсетіледі.

ОБЛЫСТЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ

2017 жылдың қорытындысы бойынша өңір экономикасының өсімі 5% құрады, бұл облыстың серпінді дамуының (салыстыру үшін алғанда, 2016 жылы 1% ғана)  нақты белгісі болып табылады.

Бұған барлық әлеуметтікэкономикалық көрсеткіштер бойынша өсімнің қанаттандырарлық серпінін қамтамасыз етудің арқасында қол жеткізілді.

Ағымдағы жылы экономикалық өсім ырғағын 5% деңгейінде сақтап қалу міндетін алдымызға қойып отырмыз.

Бұл облыс экономикасының негізгі салаларын: өнеркәсіпті, сауданы, ауыл шаруашылығын, құрылысты, шағын және орта бизнесті дамыту және жаңа технологияларды енгізу есебінен қамтамасыз етілетін болады.

Инфляция деңгейі 106,4% деңгейінде қалыптасты, бұл республика бойынша ең төмен көрсеткіш болып табылады.

Облыс тұрғындарының табыстары ұлғайды.

Мәселен, облыс тұрғындарының орташа айлық жалақылары — 137,6 мың теңгеге жетіп, 9,2% құрады.

Ағымдағы жылы облыстың ірі кәсіпорындарының басшылығымен өндірістік персонал жалақыларын 15%-дан төмен емес деңгейде көтеру жөнінде жекелей жұмыстар жүргізілуде, ол қисынға келтірілетін болады.

БЮДЖЕТ

Біздің облысымыз 2017 жылдың қорытындысы бойынша шоғырландырылған бюджетке түсімнің рекордтық деңгейін — 472 млрд теңге (2016 ж. 344 млрд теңге) қамтамасыз етті.

Бұған қоса 100,7 млрд теңге жергілікті бюджетке түсті, бұл 2016 жылғы деңгейден 4,4 млрд теңгеге (2016 ж. 96,3 млрд. теңге) артық.

Салық салынатын базаны кеңейту жөнінде үлкен жұмыс жүргізілді, соның есебінен бюджетке қосымша 4 млрд теңге іздестіруге мүмкіндік жасалды.

2018 жылы қосымша кемінде 4,5 млрд теңге іздестіруді жоспарлап отырмыз.

Жалпы, бюджетке қосымша түсімдер түсуін қамтамасыз ету есебінен біздер 2017 жылы облыстың шығыстарын 32 млрд теңгеден 226,5 млрд теңгеге дейін ұлғайта алдық.

Бұл жұмыс 2018 жылы жалғастырылатын болады.

ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛАР

2017 жылы өңір өнеркәсібінің өсімі 5% қамтамасыз етілді, рекордтық сома — 1,55 трлн теңгенің (2016 жыл 1,2 трлн теңге) өнімі шығарылды.

Өсім өңдеуші өнеркәсіп орындарын дамыту есебінен қамтамасыз етілді, олардың өсімі 7,9% немесе 527 млрд теңге құрады.

Сөйтіп,  біздің өңір мұнайгаз саласына тәуелділікті төмендете отырып, табысты әртараптануда.

Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы ауқымында 2017 жылы 20 млрд теңгеге облыстың 20 кәсіпорнын жаңғырту жүргізілді.

Бұл олардың бәсекеге қабілеттілігін, еңбек өнімділігін 10% көтеруге, өнімінің өзіндік құнын 2% және жарақат алушылықты 5% төмендетуге  мүмкіндік берді.

Сондай-ақ біздің өңір тартылған инвестициялар көлемінің ырғағы бойынша елімізде көшбасшылардың бірі болды.

Облыстың экономикасына 437 млрд теңге инвестиция тартылды, бұл 2016 жылғы деңгейден 63 млрд теңгеге (НҚИ өсімі – 11,6%) артық.

Бұған қоса маңызды дерек — тартылған инвестицияның 70%-дан астамы жеке сектор субъектілерінің жеке қаржылары болып табылады.

Біздер 2018 жылға өзіміздің алдымызға мынадай міндеттер қойып отырмыз:

  1. Өнеркәсіп өнімін шығаруды 1,8 трлн.теңгеге дейін жеткіземіз, бұл саланың өсімін 105,1% деңгейінде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді;
  2. Өндірілуші мұнай деңгейінің көлемін 5,8ден 6,2 млн тоннаға дейін, газдың деңгейінің көлемін 6,6-дан 6,7 млн текше метрге, мысмырыш кенін 1,4-ден 1,7 млн тоннаға, рельстіарқалық өнімін шығаруды 137 мың тоннадан 247 мың тоннаға дейін ұлғайтамыз;
  3. Экономиканы дамыту үшін 11% өсімі бар кемінде 510 млрд теңге инвестиция тартамыз;
  4. 38 млрд теңгеге 25 кәсіпорынды жаңғыртуды жүргіземіз;
  5. «ЭКСПО-2017» көрмесінің 18 инновациялық технологиясын енгізу жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.

Мысалы, өндірісте хром қосындылары өндірісін, жаңартылатын энергия көздерінің  технологиясын, сондай-ақ мұнай-газ саласында жылу  алу үшін жағып жіберу әдісі бойынша қалдықтарды өңдеу және кәдеге жарату процесін жақсарту үшін инновациялық сутегі двигательдерін енгізу жоспарлануда.

Ауыл шаруашылығы саласында биологиялық отын (биогаз) алуда израильдік технологияны енгізу жоспарлануда, бұл түрлі қалдықтарды алдын ала дайындамастан-ақ экологиялық жағынан таза өңдеуге мүмкіндік береді.

  1. Ақтөбелік кәсіпорындардың сатып алған заттарындағы жергілікті қамту деңгейін 52%-дан 65%-ға дейін (96,4 млрдтан 110 млрд тг.) ұлғайтамыз. Бұл өңір экономикасының түрлі салаларын қосымша ынталандыруға мүмкіндік береді.

Индустриялықинновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы

Мемлекеттік бағдарламаның 2бесжылдығы ауқымында облыста 127 млрд теңгенің инвестиция көлемі бар, 1,9 мың жұмыс орны ашылатын 17 жоба іске асырылады.

2017 жылы 5,6 млрд теңгенің 4 жобасы іске асырылды, 170 жұмыс орны ашылды, солардың ішінде мұнайгаз жабдықтары мен құбырларын өндіру жөніндегі зауыт — «Мұнай жабдықтарының Қазақстандық зауыты» ЖШС.

Қытай «Shengyuan Technology Co., Ltd» АҚ компаниясы инвестор болды, олар жобаға 5 млрд теңге салды және 60 жаңа жұмыс орнын ашты.

2017 жылы картадан тыс 430-дан астам жұмыс орнын аша отырып, 21 млрд теңгенің 8 жобасы іске асырылды.

Мысалы, «Greenhouse Kazakhstan» ЖШС жоғары технологиялы жылыжай кешені енгізілген ірі жобалардың бірі болды. Оның инвестиция көлемі 5 млрд теңгеден астам болса, 120 жаңа жұмыс орны ашылды.

Кешен бесінші буындағы голланд технологиясы бойынша салынды. Мұнда өсімдіктердің өсуіне мейлінше жағдай жасайтын ультраклима технологиясы пайдаланылды. Бұған қоса, жылыжай газ поршен генерациялық қондырғысын пайдалана отырып өзінің электр қуатын өндіреді.

Қарғалы ауданында құны 800 млн теңге қиыршық тас зауыты салынды, 35 жұмыс орны ашылды. Ақтөбе қаласында инвестициялық сомасы 600 млн теңге қатты тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды іріктеу жөніндегі өндірістік кешен іске қосылды және 120 жұмыс орны ашылды.

Сондай-ақ Ақтөбе қаласында индустриялық аймақтың әлеуетін пайдалану жолында жұмыстар жүргізілуде. Оның жер учаскелері бүгінде жартылай толтырылды.

Жалпы, индустриялық аймақта 13 жоба іске асырылады, 1700 жұмыс орны ашылатын болады, ал инвестиция сомасы 92,6 млрд теңгені құрайды.

2017 жылы 3 жоба іске қосылды, олардың ішінде инновациялық технологияларды пайдалана отырып жарақатқа қауіпсіз жабын, үш қабатты қабырғалық блоктар мен антифриз, химиялық реагенттер өндірісі бар.

Жалпы, индустриялық аймаққа кемінде 6 шетел инвесторын (Германия, ҚХР, Латвия, Украина), соның ішінде 2 трансұлттық компанияны тарту жоспарлануда.

2018 жылға арналған жоспарлар:

  1. облыс бойынша 2,1 мың жаңа жұмыс орнын аша отырып 70 млрд теңгенің кемінде 14 инвестициялық жобасын іске асырамыз;
  2. Индустриялық аймақта 475 жұмыс орнын аша отырып 8,2 млрд теңгенің кемінде 6 жобасын іске қосамыз;
  3. Индустриялық аймақ қатысушыларының санын 20-ға дейін жеткіземіз, бұл оның әлеуетін 100% пайдалануға мүмкіндік береді.

КӘСІПКЕРЛІК

Облыста шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін барлық жағдай жасалған.

2017 жылдың қорытындысы бойынша ШОБ дамыту саласында айтарлық табыстарға жетуге мүмкіндік жасалды:

– ШОБ субъектілерінің белсенді жұмыс істеп тұрған саны 50 мыңнан астам бірлікті құрай отырып 4,9% ұлғайды;

ШОБ саласында еңбек ететін тұрғындарды қамту 6,8% немесе 135,7 мың адамға дейін ұлғайды;

493 млрд. теңгенің ( өсім 1,4%; 2017 жылғы 9 айдағы мәлімет) өнімі шығарылды.

Өңірде бизнестің белсенді дамуына мемлекеттің қаржылық демеуі ықпал етті – бұл мақсаттарға 2017 жылы 2,8 млрд теңге, соның ішінде «Бизнестің жол картасы 2020» бойынша —  1,5 млрд теңге бөлінді.

Бағдарлама бойынша 323 жоба қаржыландырылды, бұл 2016 жылға (262 жоба) қарағанда 61 жобаға артық.

Жалпы, өңір субсидияландырылған жобалар мен берілген гранттар саны бойынша еліміздегі белсенділердің бірі болып табылады.

Сондай-ақ «100 нақты қадам» ұлт жоспарында көрсетілген Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау ауқымында Ақтөбе қаласында «Халықтық кеңсе» («Народная канцелярия») офисі ашылды, ол тұрғындарға 600-ден астам, соның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсетеді.

«Халықтық кеңсенің» ашылуы бір көрсетілетін қызметті алу үшін түрлі инстанцияларды аралатпай, «бір терезе» қағидаты бойынша көрсетуге мүмкіндік берді. Бұл азаматтардың жағдайын және көрсетілетін қызмет сапасын жақсартты.

Бүгінде «Халықтық кеңсе» тұрғындар тарапынан үлкен сұранысқа ие – ашылғаннан бері 30  000 қызмет көрсетілді.

Бұған офиске 20-дан астам ұйымның, соның ішінде жергілікті атқарушы органдардың (сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар және басқалар), тұрғын үй банкінің, «Даму» қорының, коммуналдық кәсіпорындардың, тұрғындарға қызмет көрсету орталығының, «Қазпошта» АҚ бөлімінің және басқалардың өкілдерін орналастырудың арқасында қол жеткізілді.

Сондай-ақ өңірде сауда саласы белсенді түрде дамуда.

Мәселен, 2017 жылдың қорытындысы бойынша бөлшек сауда тауар айналымының жалпы көлемі рекордтық деңгей — 6,3% өсіммен 561 млрд теңгеге жетті.

2018 жылға арналған жоспар:

  1. Кемінде 380 жобаны қамти отырып кәсіпкерлік саласында, соның ішінде «БЖК-2020» бағдарламасы ауқымында қолдау көрсетуді ұлғайтамыз;
  2. Кемінде 6% өсіммен немесе 650 млрд теңге деңгейінде бөлшек сауда тауар айналымын дамытуды қамтамасыз етеміз;
  3. «Ақтөбе бизнесті дамыту үшін кедергісіз қала» жобасын іске асыруды қамтамасыз етеміз;
  4. Инфляция деңгейін 6-7% аспайтын деңгейде ұстап қалу жөнінде шаралар қабылдаймыз;
  5. Тұрақтандыру қорының ырғақты жұмысын қамтамасыз етеміз, бұл негізгі азық-түлік тауарларының бағасын тұрақты деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік береді.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Мемлекет басшысы атап өткендей, аграрлық сектор экономика драйвері болуға тиісті.

Ақтөбе облысы осы қондырғыны белсенді түрде өміршең етуде.

Мәселен, 2017 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің физикалық көлемінің индексі 5,3% ұлғайды және 200,8 млрд теңге құрады.

Өнімділік деңгейі облыс үшін рекордтық деңгейге — гектарынан 13,2 центнерге жетті, 512 мың тонна астық жиналды.

Суарылатын жерлер көлемі 18,3-тен 21,6 мың гектарға, ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары 16%-ға (564 мың га-дан 656 мың га-ға дейін) дейін ұлғайтылды.

Мал шаруашылығында ірі қара мал басы 5,2%, құс 20%-ға, жылқы 7,4%-ға, қойешкі 2,7%-ға және түйе 1,6%-ға ұлғайтылды.

Бұдан басқа, ет өндірісі — 4,1%-ға, сүт — 2,4%-ға, және жұмыртқа 6,1%-ға ұлғайды.

Мұның бәріне мемлекет тарапынан қуатты қолдау көрсетудің және ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі бағдарламаны табысты іске асырудың арқасында қол жеткізілді.

«Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» және «Ырыс» бағдарламалары ауқымында ғана 8 мың бас мал сатып алынды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ауыл шаруашылығында цифрландыру элементтері белсенді түрде енгізілуде.

Мысалы, «АкТеп» ЖШС және «Айс» ЖШС фермалары толығынан автоматтандырылған, арнайы датчиктер малдың тәуліктік орташа салмағын, олардың белсенділігін және жалпы денсаулығын бақылауға мүмкіндік береді.

Сиырларды қолдан ұрықтандыру тәжірибесі кеңінен пайдаланылады, бұл мал басының өнімділігін елеулі арттыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ бүгінде жаңа технологиялар ауыл шаруашылығы дақылдарын егу және жинау кезінде қолданылады.

200-дей ауыл шаруашылығы кооперативі жұмыс істейді. Олардың басты мақсаты — жеке қосалқы шаруашылықтарды олардың ауылдағы өнімділігін арттыру үшін кооперацияға біріктіру болып табылады.

Бүгінде кооперативтердің нақты нәтижелері бар — олар 2100 тонна ет, 3000 тонна сүт және 1700 тонна көкөніс пен өнімнің басқа да түрлерін өндірді.

Мысалы, «АкТеп» ЖШС ірі кластерінің айналасында 350-дей әріптес шаруа қожалығы бір-біріне мал азығын дайындау, лизингке техника алу және басқалар бойынша көмектесе отырып жұмыс істеуде.

Сондай-ақ ауыл шаруашылығының дәстүрлі емес саласын дамыту маңызды салалардың бірі болып табылады.

Мәселен, ара, қоян өсіру, құлпынай, таңқурай және басқаларын егу жөнінде 188 жоба жұмыс істейді.

Өңіраралық кооперация ауқымында ҚР барлық өңірлерімен, сондай-ақ РФ өңірлерімен ынтымақтасып отырмыз.

2017 жылы өңіраралық кооперация бойынша тауар айналымы 26,8 млрд теңге құрады, бұл азық-түліктің көптеген өнімдерінің бағасын төмендетуге және ұстап тұруға мүмкіндік береді.

2018 жылға арналған жоспар:

  1. Еуропа жаңғыру және даму банкі қарызы есебінен ауыл шаруашылығы дақылдары егісінің көлемін Еуропа жаңғыру және даму банкі есебінен 15%-ға (656 мың га-дан 754,1 мың гектарға дейін), суарылатын жерлерді 8,2 мың гектарға (21,6 мың гадан 29,8 мың гектарға дейін ) ұлғайтамыз:
  2. Аграрлық секторда «ақылды суару», минералды тыңайтқыштарды енгізудің интеллектуалдық жүйелері, зиянкестермен және арамшөптермен күрес және т.б. сияқты цифрлық технологияларды кеңінен енгізуді қамтамасыз етеміз;
  3. Экспорттық әлеуетті ұлғайту мақсатында ет кластерін дамыту жалғастырылатын болады;
  4. Цифрлық технологияларды қолдана отырып «Фермерлерге қызмет көрсету» пилоттық жобасын іске асыру жоспарлануда.

Орталықтың негізінде сатылатын малдың бірыңғай электрондық базасы енгізілетін болады, аукцион, тірі малды сатуға арналған арнайы алаң, ауыл шаруашылығына арналған арнайы алаң ұйымдастырылады, қаржылық даму институттарының (ҚазАгро, ШКДҚ және т.б.) өкілдіктері орналастырылады, олар тұрғылықты жерде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге мемлекеттік қолдау көрсетеді.

  1. Ақтөбе агломерациясын дамыту ауқымында өмір сүру сапасының әлемдік стандарттарына жауап беретін жаңа елді мекен құруды қарастыратын «Болашақтың ауылы» пилоттық жобасын іске асыруды пысықтай бастаймыз.

Ауыл тұрғындар үшін өмір сүрудің жоғары стандартына жауап беретін үлгілі ауыл болады, онда құрылыстың жаңа инновациялық технологиялары, абаттандыру, бизнес ортаның тіршілік етуі және дамуына барынша қолайлы жағдай жасау бойынша шығармашылық көзқарас іске асырылады.

  1. Ауыл шаруашылығының дәстүрлі емес салаларында кемінде 40 жобаны іске асырамыз;
  2. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу деңгейін 38%-дан 45%-ға дейін ұлғайтамыз;
  3. Қосымша 30-дан астам ауыл шаруашылығы кооперативін құрамыз;
  4. өңіраралық кооперация ауқымында тауар айналымының көлемін 20%-ға ұлғайтамыз;
  5. Жаңа жаңалықтарды және жетістіктерді өндіріске енгізу жөнінде Қазақтың Ұлттық Аграрлық университетімен, егін шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ, шетел ЖОО және ҒЗИ арасында тығыз ынтымақтастықты жалғастырамыз.

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІКЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІК

Біздің өңір бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі мен мемлекеттікжеке әріптестікті дамыту жөніндегі белсенді өңірлердің бірі болып табылады.

Жалпы 2017 жылы әлеуметтік нысандар құрылысына елеулі бюджеттен тыс қаржы сомасы — 29 млрд теңге тартылды.

Мысалы, Ақтөбе қаласында «CNPC-Актөбемұнайгаз» АҚ қаржысы есебінен Қазақстанның батыс өңірінде құны 1,5 млрд теңгенің 1200 орындық концерт залы бар ірі Өнер орталығы салынды.

Сондай-ақ «Қазхром» ТҰК» АҚ қаржысы есебінен балаларды дамыту үшін құны 1,5 млрд теңгеге Шығармашылық академиясы салынды. Онда балалар бимен, сурет салумен, музыкамен, робот техникасымен, машина жасаумен, авиамодельдер жасаумен, космосты зерттеумен және көптеген басқа заттармен айналысады.

Бұдан басқа, құны 1,5 млрд теңгеге Жекпежек сарайы салынды, инвесторы — «Нектар» ӨК. Бүгінде алаңы 5900 шаршы метр және 720 орындық залы бар. Сарайда республикалық және халықаралық деңгейдегі ірі спорт жарыстары өткізілуде.

«Сәби» жеке қайырымдылық қоры «Мейірім» жастардың әлеуметтік бейімделу орталығының құрылысына 1,4 млрд теңге инвестиция бөлінді. Онда 16-дан 29 жас аралығындағы балалар үйлерінің түлектері тұрады.

Сондай-ақ бірқатар басқа да нысандар (хоккей модулі, «Сымбат» жеке мектепинтернат және басқалары) салынды.

Сондай-ақ мемлекеттікжеке әріптестік ауқымында 9,8 млрд теңгеден астам жеке инвестициясы бар 73 жоба бойынша: мәселен, жедел жәрдем станциясы, түрік инвесторларымен, инвестиция көлемі 2,4 млрд теңге, офтальмологиялық аурухана (3,7 млрд теңге), мұз айдыны (3,8 млрд теңге), балалар бақшалары және басқа жобалар бойынша шарттар жасалды.

2018 жылы қосымша 5,7 млрд теңгеге: ядролық медицина орталығы, Чеп-ап орталығы (заманға сай диагностика орталығы), мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мамандандырылған балабақшасы, дәрігерлік амбулаториялар және басқалары сияқты 26 МЖӘ (ГЧП) жоба жасау жөніндегі жұмыс жүргізілетін болады.

Әлеуметтік жауапкершілік ауқымында жалпы көлемі 8,5 мың шаршы метрлік жеңіл атлетика манежінің құрылысын бастау жоспарлануда. Ол озық халықаралық стандартқа сәйкес келетін болады.

Сондай-ақ экономиканы цифрландыру жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасы ауқымында «SmartAktobe» жаңа ақпараттық технологиялар орталығын салу жоспарлануда. «Ақпараттық технологиялар – парктің жұмысы стартаптар мен дамып келе жатқан Ақпараттық технологиялар компаниялары үшін барынша қолайлы жағдайлар жасауға арналатын болады.

Бұдан басқа, бюджеттен тыс қаржылар есебінен, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығының, аутизмі бар балаларға арналған орталықтың, барлық аналарға  құрмет көрсетуге арналған «Аналарға тағзым» орталығының ( кешен ішінде қолданбалы өнер, жалпы даму, музыкалық тәрбие беру және басқа  кабинеттері болады) құрылысын салу жоспарлануда.

Жаңа спорттық және ойын алаңдарын жасау, мектептерді спорт құрал-жабдықтарымен және түзету жабдықтарымен қамту жөнінде «Samruk-KazynaTrust»- пен ынтымақтастық жалғастырылатын болады.

«Қолқанат Ақтөбе» қоғамдық қорының қызметі

2017 жылы көктемгі су тасу кезінде Ақтөбе қаласының аймағында 907 құрылыс суға кетті, оның 110-ы қалыпқа келтіруге келмейді.

Осыған байланысты оның салдарын жою үшін Ақтөбе қаласы әкімдігінің жанында «Қолқанат Ақтөбе» қоғамдық қоры құрылды. Оның есебіне кәсіпорындардан, ақтөбеліктерден және республиканың басқа да өңірлерінен 277 миллион теңге түсті.

Осы қаржылардың есебінен материалдық және қаржылай көмек көрсетілді: 20 отбасына пәтерлер мен үйлердің кілттері табыс етілді; 114 отбасына Ақтөбе қаласының маңындағы аймақтан жер телімдері бөлінді, сондай-ақ құрылыс материалдарын алу үшін әрқайсысына 1 миллион теңгеден қаржылай көмек көрсетілді.

Бұдан басқа 827 отбасына 30-дан 800 мың теңгеге дейін жалпы сомасы 185,6 млн теңге материалдық көмек көрсетілді.

СМАРТАҚТӨБЕ

Бүгінде ақпараттық технологиялар ғасыры.

Президент атап өткендей, «ақылды қалалар» өңірлік дамудың, инновация таратудың және өмір сапасын жақсартудың локомотиві болады.

Бұл бағыттағы жұмыстар бүгіннің өзінде Ақтөбе қаласында белсенді жүргізіле бастады.

Біздер өздеріміз үшін «ақылды қаланың» 6 негізгі бағытын анықтап алдық, олар: қауіпсіз қала, цифрлы әкімдік, білім беру жүйесі, цифрлы энергетика және ТҮКШ, интеллектуалдық көлік жүйесі және цифрлы медицина бірыңғай жүйеге кіріктірілетін болады.

Бүгінде қаланың барлық мектептерінде үлгерімді, оқушылардың қатысуын, білім беру контентіне қолжетімділікті, асханаларда қолма-қол ақшалайсыз ақы төлеуді бақылайтын және есептіліктің 100-ден астам түрін қалыптастыратын «Bilimal» ақпараттық жүйесі енгізілген.

ТҮКШ саласында бірыңғай төлем құжатын, қаланың тұрғын үй қорының және ПМК қызметін бақылаудың бірыңғай тізілімін жасау жөніндегі жоба іске асырылады. Сондай-ақ шығындарды 70% төмендету үшін қаланың  13 000 жарық көзін энергия үнемдеуші лампаларға (ЛЭД) алмастыру жоспарлануда.

Бүгінде барлық қоғамдық және коммуналдық көлік құралдары GPS трекерлермен жабдықталған, мониторинг құрылған диспетчерлік қызмет арқылы жүзеге асырылады.

«AktobeBus» ұтқыр қосымша іске қосылды, ол қоғамдық көліктің жүрген жерін бақылауға мүмкіндік береді.

2018 жылы төлемнің ашықтығын қамтамасыз ету үшін жолаушыларды электрондық билет беруді енгізу, «ақылды» аялдама және аумаққа (вокзал, әуежай және т.б.) кіру және шығу кезінде бақылайтын автоматтандырылған парковка орнату  жоспарлануда.

Қала тұрғынының әлеуметтік картасын жасау жөніндегі жұмыс жүргізілуде, ол қоғамдық көлікте ақы төлеуге, мемлекеттен әлеуметтік аударымдар (зейнетақы, жәрдемақы), коммуналдық қызметтерді, тұрғындардың белгілі бір бөлігіне салықтар  төлеу кезінде жеңілдіктер алуға,  оқу орындарының асханаларында төлем жасауға және т.б. мүмкіндік береді.

Медицина саласында қала тұрғынының бірыңғай медициналық картасын, дәрігерге электрондық жазылу және басқаларды жасау жоспарлануда.

«Қауіпсіз қала» бағыты бойынша қоғамдық қауіпсіздіктің 700 камерасын, 30 интеллектуалдық қиылыстарды, желілік учаскелерді фотоға түсірудің 15 жүйесін орнату жоспарлануда.

Сондай-ақ Геопортал (https://geoportal.akt.kz) әзірленді, онда Ақтөбе қаласының 2000 нысаны, жол-көлік оқиғаларының, қылмыстың және басқалардың картасы көрсетілген. Бұл жүйені (қалалық көлік бағытының сызбасы, болашағы бар жер учаскелері туралы және т.б. ақпараттар жарияланған) жаңғырту ағымдағы жылы да жалғастырылатын болады.

Сондай-ақ «Нұр Ақтөбе» шағын ауданында Энергия тиімділігі орталығын пайдалануға беру жоспарлануда, онда ХҚКО, облыс ІІД жедел басқаруының резервтегі орталығы, қала және инженерлік желілер тіршілігін қамтамасыз етуді мониторингтеу орталығы орналасады.

Сондай-ақ Орталықта ПМК, кондоминимумдер, құрылыс ұйымдары, коммуналдық қызметтері басшыларын және басқаларды энергия тиімділігінің негіздеріне оқыту жүргізіледі.

ҚҰРЫЛЫС және ЖТҮҚ (Жеке тұрғын үй қоры)

Құрылыс жұмыстарының көлемі өткен жылғы деңгейден 10,4% асып түсті және 156,9 млрд теңге құрады.

792,3 мың шаршы метр тұрғын үй (128,5%) немесе 6,6 мың пәтер пайдалануға берілді, бұл Кеңес Одағы дәуірінен бергі рекордтық деңгей болып табылады.

«Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасын табысты іске асыру құрылыстың белсенділігіне ықпал етті, оның ауқымында 204 мың шаршы метр немесе 2,7  мың пәтер іске қосылды.

Сонымен бірге тез салынатын тұрғын үй құрылысы жөніндегі пилоттық жоба ауқымында 67 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 900 пәтер пайдалануға берілді.

Бағдарлама ауқымында жергілікті қамтудағы құрылыс материалдарының 85%-ы пайдаланылды, 750 жұмыс орны ашылды және облыс құрылыс кәсіпорындарының толық жүктелуі қамтамасыз етілді.

2017 жылдың қорытындысы бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін облыс бойынша 15 мың жер телімі бөлінді, бұл республика бойынша жоғары деңгейлердің бірі болып табылады.

2018 жылға арналған жоспар:

  1. кемінде 870 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосамыз;
  2. ЖТҮҚ үшін кемінде 15 мың жер телімін беруді қамтамасыз етеміз;
  3. өңірде құрылыс кластерін құруды жеделдетеміз;
  4. құрылыстың, заманға сай материалдардың, ғимараттардың экологиялық және энергиялық тиімділігін арттырудың жаңа әдістерін енгізу, ғимараттарды жобалаудың енгізу және қала құрылысын жоспарлаудың жаңа көзқарастары жөніндегі жұмыс жүргізілетін болады.

ГАЗБЕН ЖАБДЫҚТАУ

Бүгінде ақтөбеліктердің 88%-ы табиғи газбен қамтамасыз етілген, облыстың барлық аудандарының орталықтары газдандырылған.

2017 жылы облыстық бюджеттің қаржысының есебінен 5 ауылдық елді мекен газдандырылды, оларда 2,7 мыңнан астам адам тұрады.

«КазТрансГазӨнімдері» ЖШС қаржысы есебінен Ақтөбе қаласында қуаты жылына 13,8 млн текше метр немесе тәулігіне 400 автокөлікке қысылған метан құятын  автомобильге газ толтыру компрессорлық станциясы (АГТКС)  іске қосылды (400 млн теңге).

Сондай-ақ облыс әкімдігі, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «ҚазТрансГаз» АҚ арасында жасалған Меморандум ауқымында Ақтөбе қаласында сағатына 300  мың текше метр және Алға қаласында сағатына 30 мың текше метр автоматтандырылған газ бөлу станциялары (АГБС) салынды.

Бүгінде Ақтөбе қаласындағы АГРС-300  Қазақстандағы ең қуаттысы болып табылады.

Сондай-ақ бүгінде АГБС Алға, Қандыағаш қалаларында, Қобда, Комсомол ауылдарында жұмыс істеп тұр.

2018 жылы 19 жобаны іске асыруға 1,2 млрд теңге бөлінді, нәтижесінде 8 мың адам тұрғыны бар 12 елді мекен газдандырылатын болады. Бұл тұрғындарды газбен 89% қамтамасыз етеді.

СУМЕН ЖАБДЫҚТАУСУ БҰРУ

Тұрғындардың орталықтандырылған сумен жабдықталуы 92,6%(2016 ж. 90,6%) құрайды.

2017 жылы облыстың сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамытуға жалпы сомасы 6,6 млрд теңгенің 30 жобасы (17 жоба іске қосылды, 13 2018 жылға өтті) іске асырылды.

2018 жылы 5,7 млрд теңгеге сумен жабдықтау және су жеткізудің кемінде 20 жобасы жоспарланған, бұл тұрғындарды қамтуды 1,6% ұлғайтуға (92,6%-дан 94,6% дейін) мүмкіндік береді.

«НҰРЛЫ ЖОЛ» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

2017 жылы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы ауқымында 1,7 мың жұмыс орны ашылды.

Авариялық және үш ауысымдықтардың орнына 19 мектептің құрылысы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың 10 нысанына жаңғырту жүргізілді.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша 10 мектеп және ТҮКШ 7 нысаны пайдалануға берілді.

Бағдарлама ауқымында ұлттық қордан 16,6 млрд теңге немесе 99,9% игерілді.

Сөйтіп, өткен жылы бағдарлама табысты іске асырылды. 

          

АВТОЖОЛДАР

Автожол төсемінің сапасы біздің өңір үшін бүгінгі күннің көкейтесті мәселелерінің бірі болып табылады.

2017 жылы облыстың автожол саласын дамытуға 11,9 млрд теңге бөлінді, соның есебінен 300 км-ден астам жол жөнделді, бұл 2016 жылғыдан 3 есе көп.

Бұған қоса, қолдағы жол жабынының негізін қалпына келтіруге мүмкіндік беретін жолды жөндеудің инновациялық «ресайклирлеу» әдісі белсенді түрде пайдаланылуда. Бұл жаңғыртудың, жөндеудің мерзімі мен шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді.

2017 жылы  «АқтөбеЖаманқала», Ақтөбе қаласының оңтүстік айналмасы» автожолдарының учаскелері жаңғыртылды, «ШұбарқұдықОйылҚобдаТұзтөбе» автожолдарына, «Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық» (14,5 км), «ДөңБадамшаАқтөбеЖаманқала» (28 км) автожолына күрделі жөндеу жүргізілді.

2017 жылы аудандық маңызы бар 29 автомобиль жолын күрделі жөндеуге 1,4 млрд теңге, 19 автожолға орташа жөндеуге 1,5 млрд теңге бөлінді.

Жалпы 2018 жылы барлық көздерден автомобиль жолдарының құрылысына, жаңғыртылуына, күрделі жөндеуіне және орташа жөндеуіне 41,9 млрд теңгеден астам бөлінді, бұл өткен жылғыдан 77% артық (2017 ж. 23,6 млрд.тг.).

«Ақтөбе-Атырау-Астрахань», Ақтөбе қаласының оңтүстік айналмасы» «Шұбарқұдық – Ойыл – Қобда – Тұзтөбе (РФ)», «Ақтөбе – Болгарка – Шұбарқұдық», «Дөң – Бадамша – Ақтөбе – Жаман қала» автожолдарында жөндеу жұмыстары жалғастырылатын болады. АФЗ ауданындағы жолөткел құрылысын аяқтау жоспарлануда. Сондай-ақ АФЗ ауданында автомобиль жолын жаңғырту және «Ауылмаш» ауданындағы Арынов көшесі бойынша жолөткел және басқаларының құрылысы басталды.

Ақтөбе қаласы бойынша жалпы сомасы 1,5 млрд теңгенің жұмысы басталады: олардың ішінде:  Тургенев көшесінен Ғ.Жұбанова көшесіне (айырық) дейін жаңғыртылады, «Нұр Ақтөбе» шағын ауданында автожолдары салынады, Сазды өзені арқылы Керуен» СО) көпірлік өткел құрылысы басталады, М.Мәметова көшесіне (2 жолақтан 4 жолаққа дейін кеңейтіледі) күрделі жөндеу және т.б. жүргізіледі.

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

Тұрғындарды жұмыспен қамту өңірді дамытудың негізгі басымдықтарының бірі болып табылады.

2017 жылы жұмыспен қамтудың кешенді жоспарымен 40 мыңнан астам адам қамтылды, бұл жоспардан 9 мың адамға артық.

Жаңадан 17 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді, оның 76% тұрақты.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы белсенді түрде іске асырылуда, оның негізгі мақсаты — өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген тұрғындарды белсенді экономикалық қызметке тарту.

Бағдарлама ауқымында 11,2 мыңнан астам адамды тартуға мүмкіндік болды, олар сұраныстағы мамандықтарға, кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды және жұмысқа орналасу кезінде жәрдем берілді.

Мысалы, Бағдарлама ауқымында 500-ден астам адам жалпы сомасы 2,7 млрд теңгеге микронесие алды, бұлардың 89%-ы — ауыл тұрғындары.

Жалпы, қабылданған шаралардың арқасында жалпы жұмыссыздықты 4,8% (ҚР 4,9%), жастар жұмыссыздығын  3,2% (ҚР 4%) деңгейінде ұстап тұруға мүмкіндік берді

2018 жылға арналған жоспар:

  1. Облыстың жұмыспен қамтудың кешенді жоспары, соның ішінде «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» ауқымында кемінде 43 мың адамды қамтимыз.
  2. Кемінде 17,5 мың жаңа жұмыс орнын ашамыз;
  3. Жұмыссыздықты 4,8% деңгейінде ұстаймыз;
  4. Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар санын 10-15%-ға дейін төмендетеміз.

БІЛІМ

Адами капитал елдің және қоғамның бәсекеге қабілеттілігінің негізі болып табылады.

Осыған байланысты біздің негізгі міндеттеріміздің бірі — білім беру қызметінің және сәйкесінше базасының сапасын жақсарту.

Мәселен, 2017 жылы 3,5 мың орындық 39 мектепке дейінгі мекеме ашылды, бұл 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 92,9%-дан 95,6%- дейін мектепке дейінгі біліммен қамтуға мүмкіндік жасады.

2017 жылы ашылған балалар бақшаларының тізімі
Атауы Атауы
1 Алға ауданының Амангелді ауылындағы Алға ОМ жанында 25 орындық шағын орталық 21 Ақтөбе қаласындағы 80 орындық «Самғау-2» жеке балабақшасы ЖШС
2 Алға ауданының Қарақобда ауылындағы 37 орындық балабақшасы 22 Ақтөбе қаласындағы 160 орындық «Нектар» жеке балабақшасы ЖШС
3  Әйтеке би ауданы Комсомол ауылындағы 108 орындық «Таңшуақ» жеке балабақшасы 23 Ақтөбе қаласындағы 240 орындық «Райгүл» жеке балабақшасы
4 Байғанин ауданындағы 75 орындық «Әсем және Нұр» жеке балабақшасы 24 Ақтөбе қаласындағы 240 орындық «Райгүл-1» жеке балабақшасы
5 Байғанин ауданындағы 75 орындық «Рауан» бөбекжай бақшасы 25 Ақтөбе қаласындағы «Нұрлан» жеке балабақшасы
6 Ырғыз ауданының Ырғыз ауылындағы 150 орындық «Нұр» жеке балабақшасы 26 Ақтөбе қаласындағы 50 орындық «Мадок» жеке балабақшасы
7 Қода ауданының Жарық ауылындағы 78 орындық Жарық мектеп-балабақшасы 27 Ақтөбе қаласындағы 75 орындық «Төре» жеке балабақшасы
8 Мәртөк ауданының Сарыжар ауылындағы 75 орындық «Нұр-Ай» балабақшасы 28 Ақтөбе қаласындағы 50 орындық «Аяулым» жеке балабақшасы
9 Мәртөк ауданының Сарыжар ауылындағы 75 орындық «Кәусар» балабақшасы 29 Ақтөбе қаласындағы 75 орындық «Бөрте» жеке балабақшасы
10 Мәртөк ауданының Веренка ауылындағы 40 орындық «Достық» балабақшасы 30 Ақтөбе қаласындағы 30 орындық «Керім-ай» жеке балабақшасы
11  Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласындағы 10 орындық «Нұр бала би» жеке балабақшасы 31 Ақтөбе қаласындағы 150 орындық «Димаш» жеке балабақшасы
12 Мұғалжар ауданының Ембі қаласындағы 150 орындық «Нұр Дана ГС+» жеке балабақшасы 32 Ақтөбе қаласындағы 75 орындық «Нұр» жеке балабақшасы
13 Темір ауданының Кеңқияқ ауылындағы 250 орындық «Зер» балабақшасы 33 Ақтөбе қаласындағы 100 орындық «Атамекен» жеке балабақшасы ЖШС
14 Темір ауданының Шұбарқұдық кентіндегі 50 орындық «Дариға» жеке балабақшасы 34 Ақтөбе қаласындағы 75 орындық «Алма Рай» жеке балабақшасы ЖШС
15 Хромтау ауданының Табантал ауылындағы 25 орындық «Гүлнұр» жеке балабақшасы 35 Ақтөбе қаласының Өрлеу ауылындағы «Бал бала» жеке балабақшасы ЖШС
16 Ақтөбе қаласындағы 70 орындық «Сан-бөбек» жеке балабақшасы 36 Ақтөбе қаласындағы «Бал Орда» жеке бақшасы
17 Ақтөбе қаласындағы 70 орындық «Растишка» жеке балабақшасы 37 Ақтөбе қаласындағы 50 орындық «Аманат» жеке балабақшасы
18 Ақтөбе қаласындағы 150 орындық «Шырайлым-2» жеке балабақшасы 38 Ақтөбе қаласындағы 90 орындық «Алма Рай» жеке балабақшасы
19 Ақтөбе қаласының Жаңақоныс ауылындағы 60 орындық «Асанәлі» жеке балабақшасы 39 Ақтөбе қаласындағы 100 орындық «Бал бала» жеке балабақшасы
20 «Алтын Сақа» жеке балабақшасы

Бұған қоса бүгінде облыстың барлық аудандарында 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен 100% қамту қамтамасыз етілді.

2017 жылы кең ауқымды мектептер құрылысы қамтамасыз етілді.

32 мектеп құрылысы жүргізілді, олардың 15-і пайдалануға берілді, бұл 3-4 жылдың деңгейіне сәйкес келеді.

Іске қосылған нысандар екі авариялық, төрт тозығы жеткен және жеті үш ауысымдық мектептің мәселесін шешті.

2017 жылы пайдалануға берілген 15 мектептің тізімі
Атауы Атауы
1 Ақтөбе қаласының Батыс-2 шағын ауданындағы 600 орындық орта мектеп 9 Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласындағы 600 орындық орта мектеп
2 Ақтөбе қаласының Батыс-2 шағын ауданындағы 320 орындық орта мектеп 10 Ақтөбе қаласы К.Нокин ауылы ауданындағы 320 орындық орта мектеп
3 Ақтөбе қаласы Сазды ауылындағы (Бауырластар-2) 600 орындық орта мектеп 11 Қобда ауданы Қобда ауылындағы 320 орындық орта мектеп
4 Мәртөк ауданы Сарыжар ауылындағы (Хлебодаровка) 320 орындық орта мектеп 12 Мәртөк ауданы Родниковка ауылындағы 320 орындық орта мектеп
5 Ақтөбе қаласы Благодарный а/о (Ақшат) 300 орындық орта мектеп 13 Ақтөбе қаласы Болашақ ауданындағы 300 орындық орта мектеп
6  Ойыл ауданы Шұбарши ауылындағы 60 орындық орта мектеп 14 Ойыл ауданы Ақкемер ауылындағы 60 орындық орта мектеп
7 Шалқар ауданы Қаратоғай ауылындағы 120 орындық орта мектеп 15  Ырғыз ауданы Ақши ауылындағы 100 орындық орта мектеп
8 «Сымбат» мектебі

2018 жылға арналған жоспар:

  1. 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және біліммен қамтуды 95,6%-дан 98%-ға дейін ұлғайтамыз;
  2. мемлекеттік-жеке әріптестік ауқымында кемінде 5,7 мың орындық 38 балабақшаны пайдалануға береміз;
  3. халықаралық стандарттарға сәйкес Қарғалы өзені жағасының көрікті жерінен 13 гектарлық алқапқа жыл бойына жұмыс істейтін балабақшаны саламыз;
  4. 26 мектеп құрылысын қамтамасыз етеміз, 2018 жылдың қорытындысы бойынша кемінде 13 мектепті пайдалануға береміз, бұл 2 апаттық және 14 үш ауысымдық мектептің проблемасын шешеді.
Салынып жатқан 26 мектептің тізімі (2018-2019 жж. іске қосылады)
Атауы Атауы
2018 жылы пайдалануға беруге жоспарланған
1  Алға ауданы Алға қаласындағы интернаты бар, 120 орындық, 600 оқушыға арналған орта мектеп 8 Байғанин ауданы Жарқамыс ауылдық округінің Қаражар ауылындағы 100 орындық орта мектеп
2 Мұғалжар ауданы Сағашилі ауылындағы 320 орындық орта мектеп 9 Ырғыз ауданы Жаныс би ауылындағы 100 орындық орта мектеп
3 Хромтау ауданы Дөң ауылындағы 600 орындық орта мектеп 10 Мұғалжар ауданы Құмжарған ауылындағы 60 орындық орта мектеп
4   Ақтөбе қаласы ГМЗ (Сүт зауыты) ауданындағы 600 орындық орта мектеп 11  Ақтөбе қаласы Ясный-2 кентіндегі 600 орындық орта мектеп
5 Ақтөбе қаласы Ақжар-2 ауданындағы 900 орындық орта мектеп 12 Ақтөбе қаласы «Авиатор» массивіндегі 900 орындық орта мектеп
6  Ақтөбе қаласы Қызылжар кентіндегі 300 орындық орта мектеп 13 Ақтөбе қаласы Жаңақоныс кентіндегі 300 орындық орта мектеп
7 Ырғыз ауданы Шеңбертал ауылындағы 100 орындық орта мектеп
2019 жылы пайдалануға беруге жоспарланған
1 Ақтөбе қаласы «Красносельское-1» (Бекқұл баба) тұрғын массивіндегі 300 орындық орта мектеп 8 Ақтөбе қаласы Украинка кентіндегі 300 орындық орта мектеп
2 Ақтөбе қаласы «Нұр Ақтөбе» тұрғын массивіндегі №4 шағын ауданындағы 900 орындық орта мектеп 9  Ақтөбе қаласы Құрашасай кентіндегі «Қанағат» тұрғын массивіндегі 600 орындық орта мектеп
3 Мәртөк ауданы Мәртөк ауылындағы 60 орындық интернаты бар 320 орындық орта мектеп 10 Хромтау ауданы Хромтау қаласындағы 22- квартал шағын ауданындағы 100 орындық интернаты бар 600 орындық орта мектеп
4 Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылындағы 100 орындық интернаты бар 300 орындық орта мектеп 11 Шалқар ауданы Тоғыз ауылдық округінің Тоғыз станциясындағы Толағай көшесіндегі 120 орындық орта мектеп
5 Ырғыз ауданы Ырғыз ауылындағы 100 орындық интернаты бар 300 орындық орта мектеп 12 Байғанин ауданы Бұлақтыкөл ауылындағы 100 орындық орта мектеп
6 Ойыл ауданы Бестамақ ауылындағы 50 орындық орта мектеп 13  Шалқар ауданы М.Шыманұлы ауылындағы 60 орындық орта мектеп
7  Алға ауданы Жерұйық ауылындағы 60 орындық орта мектеп
  1. Қосымша білімнің қолжетімділігін, баланың тұлға ретінде дене бітімінің, танымдық, интеллектуалдық және әлеуметтік дамуы үшін қоғамның күші мен ресурстарын жұмылдыруды көздейтін «Бақытты балалық шақ» жобасын іске асырамыз.

Жоба облыстың 218 балабақшасын және 243 мектебін интер белсенді жабдықтармен жабдықтауды, робототехника бойынша ресурстық орталықтарды,  облыстың 34 мектебінде ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған кедергісіз білім беру ортасын құруды, ДЦП бар балалар үшін балалар оңалту орталықтарының құрылысын,  тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балаларды үйде оқытудың жабдықтарымен 100% жабдықтауды, жалпы білім беретін мектептерде 77 спорт алаңының құрылысын қарастырады.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Мемлекет басшысы атап өткендей, дені сау ұлт мемлекеттің гүлденуінің негізі болып табылады.

Сондықтан облыста денсаулық сақтау саласын дамытуға ерекше мән беріледі.

Мәселен, жыл өткен сайын жаңа медицина мекемелері салынуда, жұмыс істеп тұрған емдеу мекемелерінің материалдық-техникалық базасы нығаюда, тұрғындарға көрсетіліп жатқан медициналық қызмет сапасы артуда.

Тұрғындарға тиімді медициналық қызмет көрсету мақсатында бірнеше жетекші клиникаларды кіріктіру негізінде «AktobeMedicalCenter» медициналық кластері құрылды. Мұнда 15 мыңнан астам операция жасалды, олардың 400-ден астамы жоғары технологиялы.

2017 жылы бауырды ауыстыру жөнінде 11, бүйректі ауыстыру жөнінде 35 операция жүргізілді.

2017 жылы денсаулық сақтау саласының 26 нысанын іске қосу басталды, оның 21 ауылдық жерде, олардың 9 пайдалануға берілді.

2017 жылы денсаулық сақтау саласының пайдалануға берілген нысандарының тізімі
Атауы
1 Батыс-2  шағын ауданындағы жедел жәрдем станциясы
2 60 орындық офтальмологиялық аурухана
3 Ақтөбе қаласының Бауырластар ауылындағы дәрігерлік амбулатория
4 Алға ауданының Бестамақ ауылындағы дәрігерлік амбулатория
5 Алға ауданының Қайыңдысай ауылындағы медициналық пункт
6 40 келушіге арналған Мәртөк ауданының Родниковка ауылындағы дәрігерлік амбулатория
7 40 келушіге арналған Хромтау ауданының Ақжар ауылындағы дәрігерлік амбулатория
8 30 келушіге арналған Хромтау ауданының Көктөбе ауылындағы медициналық пункт
9 40 келушіге арналған Хромтау ауданының Талдысай ауылындағы дәрігерлік амбулатория

МЖӘ ауқымында батыс өңірінде құны 3,7 млрд. теңге болатын бірінші офтальмологиялық клиника ашылды. Ол жоғары технологиялы құрал-жабдықтармен, әлемдік сапа стандарттарына сәйкес инновациялық технологиялармен жабдықталған. Сондай-ақ жылына 150 мың шақыруға арналған жедел жәрдем станциясы ашылды.

Қалалық балаларға арналған стоматологиялық поликлиникасының және денсаулық сақтау саласының 12 нысанының жобасы іске асырылуда.

Сондай-ақ ерте сатысында онкологиялық және басқа да ауруларды анықтау жөніндегі ядролық медицина орталығының, Ақтөбе медицина орталығының негізінде заманға сай адамға диагностика жасаудың айналымдық жүйесіне негізделген Check-up Чекап») диагностика орталығының  құрылысы басталды.

Қабылданып жатқан шаралар денсаулық сақтау саласының көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік береді: өмірдің ұзақтығы 72,8 жылға дейін ұзарды, жалпы өлім -5,7%, балалар – 24,3% және аналар өлімі – 64,6% төмендеп келеді.

2018 жылға арналған жоспар:

  1. МЖӘ ауқымында кемінде 20 медицина мекемесін (офтальмология, жедел жәрдем, 19 амбулатория және стоматологиялық поликлиника) пайдалануға береміз;
  2. медкластер ауқымында әлемдік деңгейдегі клиникалармен әріптестік туралы келісімшарттарды іске асыруды жандандырамыз;
  3. облыстың медицина персоналының біліктілігін арттырудың дәйектілігін және тиісті кадрлар даярлауды қамтамасыз етеміз;
  4. денсаулық сақтау саласының материалдық-техникалық базасын елеулі түрде нығайтамыз;
  5. ішкі және халықаралық медициналық туризмді дамыту жөніндегі жұмысты жалғастырамыз;
  6. міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша сапалы дайындық жұмыс жүргіземіз.

 «РУХАНИЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ

Мемлекет басшысы «Қоғамдық жаңғыру — саяси және экономикалық жаңғыруды толықтырып қана қоймайды, ол олардың өзегі болады» деп атап өтті.

«Рухани жаңғыру» ауқымында облыста әлеуметтік меценаттық белсенді түрде дамып келеді. Әлеуметтік сала нысандарын қаржыландыру жөнінде пысықтау үшін өңірден шыққан табысты адамдардың электрондық деректер базасы жасалды.

«Туған жерге тағзым» акциясын іске асыру жүргізілуде. Әлеуметтік жауапкершілік есебінен 2,1 млрд теңгенің 500-ден астам жобасы (абаттандыру, құрылыс, әлеуметтік нысандарды жаңғырту және т.б.) іске асырылуда.

2017 жылы «Ақтөбе құтты мекен» жерлестер форумы өткізілді, оған  300-ден астам алыс және жақын шет елдерден: АҚШтан, Германиядан, БАӘнен, Ресейден, Украинадан, Армениядан және Әзербайжаннан белгілі ақтөбелік жерлестер қатысты.

Форум ауқымында 76 млрд. теңгелік 20-дан астам меморандумға қол қойылды, 100 әртүрлі кездесу, тренинг, семинар; 10 мыңнан астам адамды қамтыған 63 мастер класс (оның 25 операция) өткізілді.

Бүгінде әрбір жоба бойынша жекелей пысықтау жүргізілуде.

СПОРТ

2017 жылы жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен айналысатын тұрғындарды қамту  27% – дан 31%-ға дейін ұлғайды. 2017 жылы Ақтөбе облысында 22 спорт алаңы, соның ішінде 9 «Streetworkout» алаңы пайдалануға берілді.

Ақтөбе қаласының бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінде Жекпе-жек сарайы, Хоккейжаттығу спорт кешені пайдалануға берілді.

Есет батыр атындағы спортта дарынды балаларға арналған облыстық мектеп интернаты үшін ангарлық үлгідегі спорт залының және стадионның құрылысы жүргізілуде.

2018 жылы Қобда ауданының Қобда ауылында дене шынықтырусауықтыру кешенін пайдалануға беру және Әйтеке би ауданының Комсомол ауылында, Қарғалы ауданының Бадамша ауылында және Ырғыз ауданының Ырғыз ауылында 3 ДШСК құрылысы жоспарлануда.

Сондай-ақ Батыс-2 шағын ауданында 2500 көрерменге арналған құны 3,8 млрд теңге болатын Мұз айдынын пайдалануға беру күтілуде.

МӘДЕНИЕТ

2017 жылы 27 мыңнан астам мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізілді, 3,4 млн адам қамтылды.

2017 жылы МЖӘ бюджетінің қаржысы есебінен 5 мәдениет нысаны салынды және пайдалануға берілді.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі ауқымында 1200 орындық залы бар Өнер орталығының ғимараты пайдалануға берілді.

«Туған жерге тағзым» ауқымында «Жұбановтар әлемі» орталығының құрылысы аяқталды, ал МЖӘ тетігі бойынша облыстық тарихиөлкетану музейінің құрылысы аяқтала келді.

Қобда ауданындағы Қобыланды батыр мемориалдық кешеніне жаңғырту жүргізілді, Абат Байтақ кешенінің аумағы қоршалды және абаттандырылды, Бестамақ ауылының және Ақтөбе қаласының «Геолог» мәдениет үйлерін, Байғанин ауданының Көкбұлақ ауылдық клубын және Жарқамыс ауылының кітапханасына күрделі жөндеу жүргізілді.

2018 жылы кемінде 3 ауылдық клубтың, облыстың аудандарында 1 Мәдениет үйінің және МЖӘ ауқымында Хромтау қаласында мәденидемалыс орталығының құрылысы жоспарланды.

2018 жылы 3,5 млн адамды қамти отырып кемінде 28 мың мәдени-көпшілік іс-шара өткізу жоспарлануда.

ХАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Бас прокуратурасымен бірге 2016 жылдың күзінен бастап облыста «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы іске асырылуда. Оның қызметінің нәтижелеріне өңір тұрғындары қанағаттандырарлық баға берді.

Аудандарға 4 «десант» ауқымында 7 мың іс-шаралар өткізілді, 400 мың адам қамтылды, 14,5 мың адамға нақты көмек берілді.

Жоба өңір тұрғындарының күнделікті проблемаларын атаулы және нақты шешуге арналды.

317 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды, 83 хирургиялық операция жасалды, 1500 адам тартылды.

1,2 млрд теңгенің 164 бизнес жобасы қаржыландырылды.

Аталаған жобаны іске асыру барысында тұрғындар арасындағы қылмыс деңгейін төмендетуге мүмкіндік жасалды.

Мәселен, 2017 жылдың қорытындысы бойынша тіркелген қылмыстар саны 19,4 %,  ауыр қылмыс – 11,2%, орта ауырлықтағы қылмыс – 21,1%, ұрлық – 21%, бұзақылық –20%-ға төмендеді.

Өткен 2017 жылдың негізгі қорытындылары және ағымдағы жылға арналған басым міндеттер осындай!

Тек ақтөбеліктердің жұмылуының арқасында ғана біздің құтты мекеніміз – Ақтөбедегі тұрмысты және өмірді жақсарта аламыз!

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*