Басты бет » Жаңалықтар » Жергілікті дизайнерлердің сән көрсетілімі

Жергілікті дизайнерлердің сән көрсетілімі

Мектеп формасын енгізу ақтөбелік ательелердің бірігуіне жол ашты.

Ақтөбе қаласында «Aktobe Fashion Days-2018» отандық дизайнерлердің киім көрсетілімі болып өтті. Жергілікті шеберлерді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния қалдығұлова құттықтады.

Бұл көрсетілімге облыстық тігіншілер мен дизайнерлер ассоциациясында тұратын мамандар қатысты. Шараны «Подиум» сән мектебі ұйымдастырды. Оған облыстық кәсіпкерлер басқармасы, Қазақстан іскер әйелдері облыстық ассоциациясы, «Атамекен» облыстық кәсіпкерлер палатасы қолдау көрсетті.

Облыстық тігіншілер мен дизайнерлер ассоциациясы қоғамдық ұйымының төрағасы Ағила Жанғазиева аталған жиынның бұдан бір жыл бұрын құрылған бірлестіктің тұсаукесері іспетті болып отырғанын айтты.

— Бұған дейін әрбір ателье жеке-жеке жұмыс істеп келген еді. Бірыңғай мектеп формасын енгізген кезде біздер әріптестерімізбен өзара тығыз байланыс орната бастадық. Сол кезде қоғамдық бірлестік құру идеясы туындады. Ал осы шара барысында біз бір-бірімізді жақын біліп, тәжірибе алмаса бастадық, — деді ол.

— «Aktobe Fashion Days» — бұл үздіктерді анықтау конкурсы емес, әркімнің өз еңбектерін көрсетуі, — дейді «Шарм» ательесі өкілі Марина Бекжанова.

Шараға қатысушыларды облыс әкімі Бердібек Сапарбаев құттықтады.

— Облыс басшылығы атынан бұл мерекені ұйымдастырушыларға алғысымды айтамын. Біз бастамашыл қыз-келіншектерді қолдаймыз және көмектесеміз. Бүгінгі күні облыста көптегени құрылыстар салынуда, солардың ішінде «Аналарға тағзым» рухани-адамгершілік тәрбие орталығын ерекше бөліп айтқым келеді. Біз ұлттық салт-дәстүрлер мен құндылықтарды ерекше қастерлеп, жас ұрпақтың бойына сіңіре білуіміз керек, — деп атап өтті облыс әкімі.

Абат ҚАРАТАЕВ.

Бір пікір

  1. Nurlan ESENG'AZY

    En’bekterin’ bolsyn jemisti,
    Birlikterin’ bolsyn kelisti.
    S’ari’g’attyn’ jolymen,
    Alla dep basta a’r isti.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*