Басты бет » Ауыл » Ырғызда «Арыстар» аллеясы салынады

Ырғызда «Арыстар» аллеясы салынады

Ырғыз ауданының орталығында «Арыстар» аллеясы салынады. Бұл жоба «Туған жерге тағзым» акциясы бойынша кәсіпкерлердің қаржылай қолдауымен жүзеге аспақ. Жобаның құны — 70 миллион теңге. Аумағы — 3 гектар.

Ырғыз ауылдық округінің әкімі Алтынбек Сариннің айтуынша, «Арыстар» аллеясы жаңадан салынып жатқан аудан әкімдігінің ғимараты мен 300 орындық мектептің аумағына салынады. Жоба бойынша аллеяға Ырғыз өңіріндегі тарихи оқиғалар мен өңірден шыққан арыстарға арнап ескерткіш-стелла қойылады. Социалистік Еңбек Ерлеріне ескерткіштер орнатылады. Көгалдандыру мен абаттандыру тағы да басқа  жұмыстар жүргізіледі. Мәдени шаралар өткізетін сахна мен субұрқақ салынады.

Жоба құрылысы жоспар бойынша биыл басталуы керек. Ырғыз өңірінен шыққан кәсіпкерлерді тартамыз. Барлық шаруа кәсіпкерлердің қаржысына салынатын болғандықтан дәл биыл аяқталады деп айту қиын, — деді Алтынбек Сарин.

Аллеяда Ырғыздан шыққан алты арыс — Темірбек Жүргенов, Мұхаммедияр Тұңғашин, Бәймен Алманов, Тел Жаманмұрынов, Ұзақбай Құлымбетов, Телжан Шонанұлының  және Социалистік Еңбек Ерлері Бозша Алтаев, Құтпанбет Ақпанов, Айтжан Асанов, Алтынбек Әкімжанов, Әмірхан Барысбаев секілді азаматтардың ескерткіштері орнатылады. Барлығы 32 адамның ескерткіші қойылады.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Бір пікір

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*