Басты бет » Әлеумет » Құрмет көрсетілді

Құрмет көрсетілді

 Ішкі істер саласының ардагері Михаил Рудаков 80 жасқа толды. Облыс әкімі  ардагерді мерейтойымен құттықтап, «Өңірдің дамуына қосқан үлесі үшін» медалімен марапаттады.
— Біз мемлекетті құруға, оның дамуына үлес қосқан азаматтарды ешқашан ұмытпайыз. Облыстың өркендеуіне қосқан үлесіңізге алғысымызды айтамыз. Әрине, ол уақыт қиын кезеңдер болды. Бірақ сіз лайықты өмір сүрдіңіз. Зейнетке шықсаңыз да қоғамдық өмірге белсене араластыңыз,  — деген  облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ардагердің деніне саулық, отбасына амандық тіледі. Облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлова да ардагерді құттықтады.
Волгоград өңірінің перзенті Михаил Рудаков Беларусь әскери округі зымыран күштерінде борышын өтеп, 1950 жылы Шұбарқұдыққа келеді. Машинистің көмекшісі болып еңбек етеді. Еңбекте белсенділі мен көшбасшылық қасиетінің арқасында Темір және Байғанин аудандық комитетінің бірінші хатшысы болып сайланады. Мәскеудегі КСРО Ішкі істер министрлігінің академиясын бітіреді. 1962-1980 жылдары партия жұмысына белсене араласады. 1980 жылы Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Көліктегі Ішкі істер басқармасының саяси бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Зейнетке шыққанан кейін де қоғамдық жұмыстарға белсене араласты. Ардагерлер кеңесінің жұмысын алға сүйреуге атсалысты.

Жанна ДАУЛЕТҚЫЗЫ.

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*