Басты бет » Әлеумет » Жұмыс берушілердің жауапкершіліктері арттырылуы тиіс

Жұмыс берушілердің жауапкершіліктері арттырылуы тиіс

Ж О Л Д А У

Елбасымыздың биылғы Қазақстан халқына Жолдауында қойып отырған жетінші міндеті, яғни Адами капиталжаңғыру негізі бөлігіндегі « Еңбек кітапшаларын да  электронды форматқа көшірген жөн» деген тапсырмасы өте дөп айтылған. Олай дейтінім, өзімнің он сегіз жылғы еңбек өтілімде сот шешімдері бойынша банкрот болып танылған кәсіпорындарға конкурстық басқарушы, еңбек инспекторы, заңгер-кеңесші, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы қызметтерін атқару барысында қарапайым жұмыскерлердің заңнама талаптары мен белгіленген  құқықтарын қорғауға  қатысты  сан мәрте сот отырыстарында болуыма тура келді. Сонда жеке жағдайларда  жұмыскердің еңбек міндеттерін орындауына байланысты заңнамада көзделген шаралардың жүзеге асырылмай жататынын талай байқадым. Себебі жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттар ол қызмет атқарған мекеменің таратылуына немесе  осы мәліметтер қамтылған құжаттардың сол мекеме жұмыс істеген жер бойынша  мемлекеттік архивке тапсырылмауына, жоғалып кетуіне байланысты, өзге де түрлі сылтаулармен, тіпті еңбек кітапшасы бар болғанының өзінде де,  онда  олардың жұмысы туралы мәліметтердің енгізілмеуі   кездеседі.

Қазіргі уақытта  барлық зейнеткер еңбек өтіліне қарамастан бірдей базалық зейнетақы 15 274 теңге алады. Үстіміздегі жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы тағайындаудың жаңа механизмі  қолданылады, яғни ерлер мен әйелдер зейнет жасына толған кезде  олардың  еңбек өтілдеріне  және зейнетақы  жүйесіне  қатысу өтіліне  байланысты есептеледі.

Осы жерде  жоғарыда айтып өткендей, жұмыскердің еңбек өтіліне қатысты қандай да  бір болмасын құжаттың болмауы — өз кезегінде заңнама талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар үшін қызметтік міндеттерін  ойдағыдай атқаруы үшін  кедергі тудырады. Себебі оларды қорғайын десе де,  дәлелдейтін құжаттары жоқ.

Міне, сондықтан Елбасымыздың биылғы Жолдауында  көрсетілген жұмыскерлер үшін еңбек кітапшаларын да  электронды форматқа көшірген жөн деген тапсырмасы өте орынды, дәл уақытында көтерілген мәселе деп санаймын. Мұның өзі, сөз жоқ, қарапайым жұмыскерлердің құқықтарын қорғау барысында  бақылау органдары лауазымды тұлғалары  үшін оң қадам, сондай-ақ жұмыс берушілерге де  үлкен жауапкершілік жүктейді.  Себебі Еңбек Кодексінің 14-бабында ҚР еңбек заңнамасы бұзылуына кінәлі тұлғалар ҚР  заңдарына сәйкес  жауаптылықта  болатындығы көрсетілген.

 Қалижан ӨТЕМҰРАТОВ,

облыстық еңбек, халықты әлеуметтік қорғау  департаментінің

 бөлім басшысы. 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*