Басты бет » Әлеумет » Жақсы жолдың басы

Жақсы жолдың басы

Ж О Л Д А У

Егемендік алған күннен бастап Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында жыл өткен сайын экономикамыз нығайып, халқымыздың әл-ауқаты өсіп, тұрмыс жағдайы жақсарып келеді.

Президенттің былтырғы Жолдауында ел тарихының жаңа дәуірі басталғанын айта келіп, Қазақстанның үшінші жаңғыруын жариялаған болатын. Сонымен қатар, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын  Қазақстан жұртшылығына ұсынды.

Өткен жыл халқымыз үшін де, еліміз үшін де жетістіктерге толы жыл болды  десек болады. Атап айтқанда, үлкен маңызға ие әрі халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесін үлкен абыроймен өткіздік.

Міне, 2018 жылды жаңа бастаманың куәсі болып бастап отырмыз, өйткені «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы қазақ елі үшін атқару керек 10 міндетті атап көрсетті. Бұл міндеттер еліміздің 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді Даму стратегиясын  жүзеге асырудағы үлкен жолы деп білеміз. Әсіресе жетінші міндет – адам капиталының жаңа сапасы бағыты ерекше назар аудартады.

Қазақстанның әрбір тұрғынын жаңа міндеттерді жүзеге асыруға, игі бастамаларды  бірауыздан қолдауға шақырамын.

 

Аманкелді БАҚАЕВ,

зейнеткер,

Темір ауданы.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*