Басты бет » Жаңалықтар » Болашақ заңгерлермен кездесті

Болашақ заңгерлермен кездесті

Елбасы Жолдауын түсіндіру мақсатында құрылған ақпараттық топтың өкілдері М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының курсанттары, профессор-оқытушыларымен кездесті.

Ақпараттық топтың құрамында облыстық мәслихаттың депутаты Марат Итеғұлов, қалалық мәслихаттың депутаты Ерлан Тәтімов, қалалық қоғамдық кеңестің мүшелері Ғалым Дәулеталин, Жұмабек Қоқанов, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясының Ақтөбе қалалық филиалы төрағасының кеңесшісі Мұратбек Ержақыпов бар.

Аталған институт бастығының оқу жұмыстары жөніндегі орынбасары Дастан Дәулетияровтың айтуынша, Президент Жолдауында айтылған он негізгі бағыттың үшеуі құқық қорғау органдары үшін аса маңызды. Жиын барысында жоғары білікті мамандарды даярлау, мемлекеттік аппаратты жетілдіру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстары туралы кеңінен айтылды.

Қалалық қоғамдық кеңестің мүшесі Жұмабек Қоқанов Президент Жолдауында жастар саясатына ерекше басымдық берілгенін айтты. Мәселен, жас мамандарға ауылдық жерлерде тұру, оларға көтерме ақы төлеу және басқа да көмек түрлері көрсетіледі. Сондай-ақ зейнеткерлерге төленетін әлеуметтік төлемдер мен бизнестегі артықшылықтарды атап өтті.

М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты жергілікті полиция қызметі, заң саласына мамандар даярлайды. Олардың барлығы жұмыспен қамтылады. Мұнда ақтөбелік жастардан бөлек, еліміздің басқа өңірлерінен де курсанттар бар. Қазіргі таңда институт қабырғасында 300-ден астам курсант білім алып жатыр.

Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

 

 

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*