Басты бет » Әлемде » «Ұшқан» машина ғимараттың екінші қабатына қадалып қалды

«Ұшқан» машина ғимараттың екінші қабатына қадалып қалды

АҚШ-тың Калифорния штатында аса жоғары жылдамдықпен келген машина ғимаратының екінші қабатына дейін көтеріліп, қабырғаға қадалып қалған. Оқыс оқиғаның видеосы ВВС жариялады.
Автомобиль алдымен жолдағы тосқауылға соқтығысып, биікке көтеріледі де, ғимараттың терезе тұсынан жарып кіреді. Әуедегі маневр кезінде автобуспен соқтығысып қала жаздаған.
Сәтін салғанда, көліктегі екі адам жеңіл жарақат алған. Жүргізуші ұсталды. Полиция оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр.

Дереккөз: inform.kz

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*