Басты бет » Әлеумет » Кеңінен қолдау тапты

Кеңінен қолдау тапты

Президенттің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы  дамудың жаңа мүмкіндіктері»  атты Қазақстан халқына  Жолдауына арналған Қобда аудандық активіне аудандық мәслихат депутаттары, аудандық бөлімдердің, ұйымдар мен мекемелердің басшылары, ауылдық округтер әкімдері, шаруа құрылымдарының, кәсіпкерлік нысандарының жетекшілері, аудан әкімі жанындағы ақпараттық-насихат топтарының  мүшелері, партиялардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, белсенді жастар  қатысты.

Жиында аудан  әкімінің орынбасары Болат Құлов Жолдаудың  басым  бағыттары және жергілікті атқарушы органдардың Елбасы тапсырмаларын  жүзеге  асыру  бойынша міндеттері  туралы баяндама жасады. Ол «Жолдау зор жауапкершілік жүктейді,  сондықтан көпшілік болып жұмылып, аянбай еңбек етіп, алдағы міндеттерді абыроймен жүзеге асыруға күш саламыз», — деп атап көрсетті.

Жарыссөзде аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Нұрлыбек Кереймағанбетов, аудандық мәслихат депутаты, Қобда гимназиясының директоры Жансұлу Атамұратова, аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Берік Орынбасаров сөз сөйлеп, Мемлекет басшысы белгілеген жаңа басымдықтарды қолдап, тапсырмаларды орындауға  жұмылуға шақырды.

Алдағы уақытта Елбасы Жолдауын тұрғындар арасында түсіндіру  және жүзеге асыру бойынша жұмыстар кеңінен жүргізілмекші. Ақпараттық-насихаттық топтар мүшелеріне  елді мекендер тұрғындарымен кездесулер  өткізеді.

 Н.ДОСОВ,

Қобда ауданы.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*