Басты бет » Әлеумет » Ассамблея мүшелері бірауыздан қолдайды

Ассамблея мүшелері бірауыздан қолдайды

Жолдау

Ақтөбе қаласында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысы өтті.

Жиынға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ғылыми-сараптамалық топ мүшелері қатысты.

Басқосуды Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Сергей Вишняк жүргізіп отырды.

Жиын барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды.

Басқосуда Сергей Вишняк соңғы жылдары Елбасы Жолдауы жаңа форматта жарияланып жүргенін, биылғы Жолдауында жүзеге асыруы тиіс 10 негізгі бағытты айқындап бергенін айтты. Сондай-ақ ол мемлекет жүктеген міндеттерді жүзеге асыруда облыста жүйелі түрде жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізді.

Бұдан кейін ортаға Қазақстан халқы Асссамблеясының мүшесі, «Нектар» өндірістік кооперативінің директоры Шамиль Каспранов шығып, соңғы жылдары Елбасы тапсырмасына орай, елімізде, оның ішінде облыста құрылыс, тұрғын үй, әлеуметтік салалар қарқынды дамып жатқанын жеткізді. Сондай-ақ ол кооперативтің бүгінге дейін жасаған жұмыстарын баяндап, биылғы жеткен жетістіктерді тізбелеп берді.

Жиында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің цифрлы технологиялар орталығының директоры Талғат Жүнісқалиев, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы «Бірлік» ақсақалдар кеңесінің төрағасы Еркін Құрманбек, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің саяси пәндер кафедрасының аға оқытушысы, саяси ғылымдар кандидаты Асхат Кеңесов жаңа экономикалық революцияға бет бұруға үндеген жаңа Жолдауда айтылған ірі міндеттер мен нақты тапсырмалардың жүзеге асуына әрбір азамат атсалысу керектігін айтып, өз пікірлерін білдірді.

Басқосу соңында Ассамблея мүшелері Елбасы Жолдауын бірауыздан қолдайтындарын жеткізді.

Д.ҚАЗИХАН.

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*